Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » З дыбысы және әрпі
17:59
З дыбысы және әрпі

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қызылтоған ауылы «Орталау мектебі» мемлекеттік мекемесінің Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Уразалиева Шынар Серикқызы

Сабақтың  тақырыбы:З дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:сөзге дыбыстық талдау жасау жасай білуге уйрету,сөздерді буынға дұрыс бөле білу,сурет арқылы заттың атауын білу,логикалық ойлау қабілетін арттыру.Жазу дағдысына үйрету.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі:кеспе әріптер,касса,суреттер,текшелер.
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
I.ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақта алған білімдері пысықталды.
II.Негізгі бөлім.
1.Жұмбақ шешу.
    Ләзатта бар,
    Жанатта жоқ.
    Азатта бар,
    Қанатта жоқ.(З әрпі)
Жауабын айтқан бала сол З дыбысына сөз ойлап айтады.
«Сөз ойла,көп ойла» дидактикалық ойыны.
Ойын шарты:Барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып,доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады.(Сөздің басында,ортасында,соңында З дыбысы).Суретке қарап дыбыстық талдау жасату.
Зәуре сөзін шапалақ  ұру арқылы буынға бөлу.
2.Тіл ұстарту жаттығуы.
    Ыз-ыз-ыз
    Анар –сүйкімді қыз.
3.Дәптермен жұмыс.
Жүзік,зымыран,жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы З          дыбысының  орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне З дыбысының сөздің басында,ортасында,аяғында,келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.Балығы хормен қайталап оқиды.
Жазу жұмысы:педагог З дыбысын  ауада жазып  көрсетеді. Балалардың өздеріне ауада жазғызады. Сонан соң  дәптерге жазу .
  Дәптерде берілген сызба  бойынша бірнеше сөйлем құрату.
Мысалы:Атам қарбыз өсірді.Қарбыз бақшада өседі.
Сөзжұмбақ шешеді.Шешуі:қазына.Қазына сөзіне  сөздік  жумысын  жүргізу.
Қазына- түрлі бағалы заттар ,дүние мүлік,байлық.
4.Сергіту сәтін өткізу .
    Ұзын қанат инелік ,
    Инелікке тимелік, 
                                    Ұшақты біз жасадық 
    Инеліктен үйреніп.
    Зу-зу,зу-зу,зу-зу.    (Қимылмен көрсету)
III.Қорытындылау.
1.Тақтаға әріптер тізбегі  жазылған плакат ілінеді.Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше Сөз құрату.
Қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ұ-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р--е-з-е
2.Құрастырған сөздердің ішінен З дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу.Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.
3.Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдері бекітіледі.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 2281 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]