Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Қыс қызығы
02:10
Қыс қызығы

Шағын топтағы ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің  технологиялық картасы

Білім беру саласы:   Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:  тіл дамыту

 Тақырыбы: «Қыс қызығы »

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге,  қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін  әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

Әрекет - кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс - әрекеті

 

Балалардың іс - әрекеті

 

 

 

Дәлелдеу  ояту

-Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?

-  қардың түсі қандай  ?

- қар қатты ма, әлде жұмсақ па?

-балалар бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ болсын.(балалар бір – бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады) Көрдіңдер ме балалар?

Жылы сөздер айтып едік қолымыздың жылуынан қарда еріп кетті.Енді бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық.

 -қар

- аппақ

-қар жұмсақ

 

 

-Денсаулығымыз мықты болсын

- заманымыз тыныш болсын

- білімді болайық

- аспанымыз ашық болсын

- барлығымыз тату – тәтті болайық.

 

 

 

Ұйымдастыру – іздену

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде «Қыс қызығы» деген тақырыпты өтеміз.

Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Жыл мезгілдерін атайық?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Желтоқсан қыс айларының бірі, осы айда қандай мерекелерді тойлаймыз?

-Жаңа жылда бізге кім келеді?

-  не әкеліп береді?

- қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?

 

- балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?

- сырт киімдерді атайық?

Ойын: « Сыңарын тап»

 

 

 

қыс жыл  мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады.Бұлар сауысқан,қарға, торғай.Қыста құстардысуықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі.

-балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

-қыс туралы қандай тақпақтар білеміз?

 

 

жылдың төрт мезгілі бар

қыс, көктем, жаз, күз

қыс мезгілі

-Тәуелсіздігіміздің 20 –жылдығы, Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

- Аяз ата келеді

- сыйлық әкеледі

- қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

- жылы киініп жүреміз

- малақай,тон, етік, қолқап, шәлі.

- балалар ойын барысында қолқаптың ,етіктің  түр – түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.

 

 

 

 

 

- сұрақтарға жауап беріп, өздері білетін тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғажайып сәт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын.

1.Қыста ғана болады,

  Ұстасаң қолың тоңады.

      2. Көсеуді бесеуге тықтым.

     3.Шелек қалпақ басында,

       Сәбіз екен танауы

       Қыста қардан тұрады,

      Танып көрші сен оны

   4.Қысы- жазы бір түсте

 

балалар қараңдаршы мынау не?

шыршаның түбінде ақ қоян жатыр, қанекей бәріміз ақ қоянды қолымызға алып жылытайық, өзі тоңып қалғанға ұқсайды, өзі сыбырлап бірдеме дегендей, құлағымызды тосып тыңдайық.

 

Қоян: мен осы шыршаның  астында інімде жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естіп , біраз сендермен бой сергітсем деймін.

Бәріміз қоянды ортаға алып сергіту жаттығуын  жасайық.

 

 

 

-балалар , қоян сендерге рахмет айтып жатыр. «Енді менің інімнің үстінде өсіп тұрған шыршаны әдемі  ойыншықтармен безендіріп берсеңдер» - деген ұсыныс айтып тұр. Барлығымыз шыршаны безендірейік.

-балалар аққала тұрғызып, аққала әнін орындайды.

 

 

 Жұмбақтарды шешеді.

 

қар

қолқап

 

аққала

 

 

шырша

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен

Ытқып –ытқып жүгірді,

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

 

балалар қоянға көмектесіп шыршаны безендіреді.

 

-Аула сырты бақшада,

Тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айналып,

Ән саламыз шаттанып.

Рефлекстік түзету

 

Балалар сендер бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар.Сенлерге қоян шыршасын безендіріп , бой сергіткені үшін рахметін айтып сыйлық әкеліпті.

 

-  балалар мәз болып сыйлықтарын алады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білді : қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы ойын түрлерін

Игерді:  жұмбақтар шешуді, тақпақтар айтуды , ойындарды

Меңгеру:  аққала жасауды, шыршаны безендіруді

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 9872 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]