Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 20 » Қыс ғажайыптары
16:57
Қыс ғажайыптары

Тақырыбы: Қыс ғажайыптары

Ұ.О.І.Ә-ның мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжымдық сурет салуға үйрету.
Білім саласы: Шығармашылық
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, серуен- саяхат, өлең оқу, дәстүрлі емес тәсілмен сурет салу, сұрақ- жауап, қимылдық ойын, сергіту жаттығулары.
Керекті құралдар: Қысқы орман пейзажы, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүрткіш.
Ұ.О.І.Ә-нің барысы: Сәлемдесу.
Қайырлы таң- Алтын күн!
Қайырлы таң- Көк аспан!
Қайырлы таң- апайлар!
Қайырлы таң- достарым!
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
- Балалар, орманға барғыларың келе ме?
-Иә
    Ендеше, мен сиқырлы қалпағым мен сиқырлы шапанымды киіп алайын, соның көмегімен біз орманға барамыз.
-    Кәне, бәріміз көзімізді жұмамыз.
-    Міне, балалар біз орманға келдік.
Орманнан нелерді көріп тұрмыз?
Балалардың жауабы: - Орманға келдік. Ақ қар, шыршалар, ағаштар көрдік.
Тәрбиеші: - Балалар кім қар туралы өлең біледі екен?
 
Балалар: 
Аппақ- аппақ, қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Тәрбиеші: - Шыршаның түсі қандай? Шыршаның бойлары бірдей ме?
Балалар: - Жасыл. Бойлары аласа- биік.
Тәрбиеші: - Орманда тағы нелер бар екен?
Қоян шыршаның түбінен секіріп шығады.
Қоян: - Ой, саламатсыздар ма, балалар? Орманда не істеп жүрсіңдер?
Балалар: (Қоянмен амандасады). Саяхатқа келдік!

 

Тәрбиеші: - Баллар, біздер аңдар туралы өлеңдер білеміз бе? Кәне, кім айтады?
Айда: Қайшы құлақ қоянмен,
Ақшыл түске боялдым.
Қоян: - Ой, қандай керемет! Менде сендермен бірге жүрейін.
 
Тәрбиеші: - Жарайды, бізбен бірге еріп жүрсін, балалар. Мынау не екен?
Балалар: - Ағаштар
Тәрбиеші: - Ағаштарда жапырақ бар ма? Мынау ақ болып тұрған нелер екен?
Балалар: - Жапырақ жоқ, бұлар ақ қарлар.
Тәрбиеші: - Мынау нелер екен?
Балалар: - Суық торғайлар.
Торғай, торғай тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап, деп балалар жем шашады.
Тәрбиеші: - Балалар, мына жерде апан бар екен, кәне, қарайық, ненің апаны екен?
Балалар: - Аюдың апаны.
Айым:     Балпаң-балпаң басамын,
Алты қырдан асамын.
Тәрбиеші: - Балалар қыста аю ұйықтап жатады, сондықтан біз тыныш жүрейік, біз айқайласақ, шуласақ аю оянып кетеді.
-    Балалар, ал мынау тұрған не екен?
Балалар: -  Аққала.
Тәрбиеші: - Міне, біздің де алдымызда балалар орманға саяхатқа келген. Солар аққала жасап кетіпті. Аққала неше бөліктен тұрады? Пішіні қандай? Түсі қандай?
Балалар: Үш бөліктен, пішіні дөңгелек, түсі- ақ.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар. Мына жерде әдемі үйшік тұр. Бұл үйшік кімнің үйі екен? Терезесін қағып көрейікші?
Балалар: - Тук- тук- терезесін қағады.
Түлкі: - Менің үйімнің терезесін қағып тұрған кімдер?
Тәрбиеші: Біз орманға саяхатқа келгенбіз. Сенің әдемі үйшігіңді көріп келдік!
Түлкі: - Амансыңдар ма, балалар?!
Балалар: Түлкімен амандасады.
Тәрбиеші: - Балалар кім түлкі туралы өлең біледі?
Аружан: Мен түлкімен- түлкімін,
Тұнып тұрған күлкімін.
Түлкі: - Жарайсың, балақай. Мен де сендермен бірге жүрсем бола ма?
Тәрбиеші: - Иә, бізбен бірге жүр. Балалар біз тоңып қалдық. Аңдармен бірге ойын ойнап алсақ қалай болады?
Қоян:  Мен ойнатсам бола ма, балалар? Ендеше қимылдық ойын ойнайық.
Аяз десем- секіреміз,
Шуақ десем- тоқтаймыз (2 рет ойналады)
Тәрбиеші: -  Балалар біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Аңдармен қоштасайық!  Аңдармен қоштасайық! Көзімізді жұмып, сиқырлы қалпақ, шапанның көмегімен балабақшамызға қайтайық.
-    Міне, балалар біз балабақшамызға келдік!
-    Орманнан нелерді көрдік?
Балалардың жауабы:
Тәрбиеші: Орнымызға отырып әдемілеп тіс пастасы арқылы ақ қардың суретін салайық. Сол қолымызға қол сүрткішімізді ұстап, оң қолымызбен саусақ ұшымен қар суретін бейнелеп салайық!
Тәрбиеші салу техникасын көрсетеді.
Сергіту жаттығуын жасайық:
Орманға барсақ түлкі бар,
Сайға барсақ, қоян бар.
Байқаңдар, қар астында,
Ұйықтап жатқан аю бар.
Балалардың салған суретін қорытындылау.
Сау болыңыздар!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 1284 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]