Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Ы дыбысы және әрпі
02:40
Ы дыбысы және әрпі

Хаметова Гүлнар №13 бастауыш мектеп
Сабақтың тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі.

    Сабақтың мақсаты: жаңа ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; ы дыбысы бар сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың сөздік қорларын толықтыру. Жазу дағдысын қалыптастыру. 
    
    Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер. 
    Сабақтың барысы:
I.    Ұйымдастыру кезеңі. 
1.    Балалар жақсы тілектер айтады. 
2.    Өткен дыбыстарды қайталау. 
«Кім білгіш?» ойыны арқылы өтілген дыбыстарды қайталау. 
Ойын шарты: мұғалім дауысты дыбысты атаса, балалар екі қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды, ал дауыссыз дыбысты атаса, еңкейіп тізелерін шапалақтайды. 
3.    Мұғалім балаларға сюжетті суретке қарап әңгіме құратады. 
Бұл – ас бөлмесі. Айжан үстелдің үстін жинады. Ол шын, қасық, тәрелкелер жуды.
-    Балалар, енді шыны, қасық, тәрелке, шәйнектерді бір сөзбен қалай айтуға болады. 
-     Сөздің басында қандай дыбыс естіледі? 
Ы дыбысының бас және кіші әріптері көрсетіледі. 
- Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Жуан айтыла ма, жіңішке айтылама?
- Демек, ы дыбысы – жуан дауысты дыбыс. 
Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасатады. 
Ы дыбысы қызыл текшемен, д дыбысын көк, ы дыбысын қызыл, с дауыссыз дыбысы көк текшемен белгіленеді. Қызыл, көк текшелер бойынша ыдыс сөзінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екені анықталады. 
Кеспе әріптермен ыдыс сөзін буынға бөліп жазу, оны оқу. 

3.    Тіл ұстарту жаттығуы. 
Ыс-ыс-ыс
Келіп қалды қыс. 
4.    Дәптермен жұмыс. 
Ыдыс, мысық, қозы сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ы дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ы дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды. 
Үлгі бойынша ы дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ы дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Сөзжұмбақ шешкізеді. 
5.    Сергіту сәтін өткізу. 

Тәрбеледі ағаштар, 
Алдымнан жел еседі. 
Кіп – кішкентай бөбектер
Үп – үлкен боп өседі. 

    Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу. 
    Балаларға балық, қайық, мысық, қайшы суреттері таратылады. Балалар әр суреттегі заттың атын атап, сөйлем құрастыруы керек. Тақтаға сөйлем сызба бойынша жазғызылады. Мысалы: 1. Балық суда жузіп жүр. 2. Мысық мияулады. 3. Айнұр домбыра тартты. 4. Әжемде қайшы бар. 
-    Әр сөйлемде неше сөз бар?

6.    Қол жаттықтыру жұмысы. 

Ауада жазу. 
Дәптерге жазу. 

III.    Қорытындылау. 
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Балаларды екі топқа бөлу. Ы дыбысына қай топ көп сөз ойласа, сол топ жеңіске жетеді. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 3332 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]