Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Қуыршақтардың киімдерінің түстері
01:38
Қуыршақтардың киімдерінің түстері


Ашық сабақ

Тақырыбы: 
«Қуыршақтардың киімдерінің түстері»


Дайындаған: Шахметова Анар


Екібастұз қаласы
КМҚК № 23 «Балауса»
мектепке дейінгі гимназия
2013ж-2014ж.
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сенсорика тәрбиесі
Тақырыбы: «Қуыршақтардың киімдерінің түстері»
Мақсаты: Қуыршақтың киімдерінің түстері туралы түсінік беру.
Міндеттері: 
1. Төрт (қызыл, сары, көк, жасыл) түстер туралы білімдерін кеңейту;
2. Заттарды түсіне қарай келтіруді үйрету;
3. Сөздік қорын толықтыру;
4.  Шыдамдылық, еске сақтау мен мұқият тындауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой-қозғау, салыстыру, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Аю, қуыршақтар, қапшық, ыдыстар, ойыншықтар, екі түсті заттар, сыйлықтар.
Сөздік жұмыс: қызыл, сары, көк, жасыл.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: жарты топ

Іс-әрекет 
       кезеңі    Тәрбиешінің  іс-әрекеттері    Балалардың іс-әрекеттері  
Мотивация лық қозғаушы 

 


Іздену ұйымдастырушы

Рефлексивті
коррекция- лаушы    Сәлем деймін күнге мен!
Сәлем деймін саған мен!
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға,баршаға!
Сәлем! Сәлем! Сәлем!

-Балалар жайғасып отырайық. Менінше біреу есік қағып тұр. Кәне көрейік.
Топқа аю келеді. 
-Балалар амандасайық аюмен. 
-Сәлеметсіндер ме, балалар
Қарандаршы аю кандай үлкен!
Балалар аю қандай?
Аю бізге немен келді?


Кәне, аю отырсын, ал біз қапшықта не бар екенін көрейік.
Бір баланы шақырып қапшықтан қызыл көйлекті қуыршақты алады.
-Бұл не?
-Бұл қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
-Ал қуыршақтың шашының түсі қандай?

-Қуыршақты іліп қояық.
-Келесі, бұл не?
-Көйлегінің түсі қандай?

-Ал, шашының түсі қандай?

-Көк түсті қуыршақты да іліп кояық.
-Бұл не? Көйлегінің түсі қандай?

-Етігінің түсі қандай?
-Дұрыс, жарайсындар.
-Енді тағы не қалды?
 Оның көйлегінің түсі қандай?
-Шашының түсі қандай?

-Жарайсындар!
-Қарандаршы қандай әдемі, әсем біздің қуыршақтар. 
Түстерің қайталайық.
 
Сергіту: 
Алма, алма көп алма.
Қызыл, жасыл, сары алма.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

-Әр қуыршақтың өз ойыншықтары бар. Бірақ олар шатасып кетті. Оларды табуға көмектесеміз бе?
Үстелде қызыл, көк ойыншықтар қорапшада жатыр. 
Ойыншықтарды түстері сәйкес келетін шеңберлерге салу қажет. (дьенеш блок).
Қызыл түсті ойыншықтарды қызыл шеңберге, көк түсті ойыншықтарды көк шеңберге қоямыз.
Міне балалар, біз сендермен қандай «үлкен» жұмыс жасадық. Балалар тапсырмаларды дұрыс орындаған үшін аю өте риза болды.
-Мына қуыршақтарды сендерге сыйлыққа қалтырамын және осы қапшықтағы чупа-чупстерді де сыйлаймың.
-Ал балалар, аюға «рахмет» айтып, қоштасайық. 
-Сау болындар!
Балаларды мадақтау, сыйлық тарату.
Қонақтармен қоштасу.    Шеңбер бойынша тұрады, иіліп сәлем береді.

 

 

 


-Сәлеметсіз бе, аю!


Аю үлкен
Аю бізге қапшықпен келді.

 

 


Бұл қуыршақ.
Көйлектің түсі қызыл

Қуыршақтың шашының түсі қызыл


Бұл да қуыршақ
Көйлегінің түсі көк

Шашының түсі көк


Бұл қуыршақ, көйлегінің түсі сары.
Етігінің түсі сары

Бұл қуыршақ. Оның көйлегінің түсі жасыл.
Шашының түсі жасыл. 

 


Қызыл, жасыл, сары, көк.


Балалар қайталап, қимылдарын жасайды.

 

 

Иә.

Балалар жұмысты жасайды.

-Рахмет аю, сау бол!

Білуі: Төрт түс туралы түсінік алды.
Игеру:  Заттарды сәйкес түсіне қарай келтірді.
Істей білді:  Түстердің аттарын айтып, есте сақтады.

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 1329 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]