Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 20 » Түрлі - түсті қолшатыр
00:25
Түрлі - түсті қолшатыр

Ашық түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы

 

Уақыты:

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Түрлі - түсті қолшатыр.

Мақсаты: балаларға түрлі - түсті ажырату арқылы қолшатыр суретін саусақ маторикасы әдісі арқылы балалардың  сурет салу оқу іс - әрекетіне деген қызығушылығын дамыту.

Балалар қызыл, жасыл, сары, көк түстерін пысықтап үйрету.

Балаларды тазалыққа,ұқыптылыққа, уақыт мезгілін айыра білуге тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

 

Іс - әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс - әрекеті

 

Балалардың іс - әрекеті

 

 

Мотивациялық-қозғаушылық

1. Тәрбиеші балалармен амандасады:

Сәлеметпе достарым!

Балалар бүгін біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр,қане амандасайық.

2. Балалар енді бәріміз мына суретке қарайықшы бұл не? Қандай сурет?

1. Армысың алтын күн!

Армысың жер ана!

Армысыздар қонақтар!

 

Балалар суретке назар аударады.

Қолшатыр , – деп жауап береді.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

3.Балалар дидактикалық ойын ойнайды: «Түстерді ажырата біл».

4. Балалар қане тынышталайық біреу есік қағып тұрған сияқты. Бізге хат әкеліп тастапты кімнен болды екен оқып көрейік.

5.Амансыңдарма «Қуырмаш»  тобының балалары мен сендерге тапсырма жазып қойдым,қане балалар дұрыс орындауға тырысыңдар! Сендердің достарың.

Саусақ маторикасы әдісін қолданып түрлі-түсті қолшатырды бояңдар.

6. балалар тапсырманы орындайық жақсы ма?

Қолшатырдың түстерін тауып, бояу керек.

Балалар дид.ойын ойнап дұрыс жауап берді - қызыл, жасыл, сары, көк .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә.

 

Түстерді ажыратып, түрлі – түсті қолшатырды саусақ маторикасы әдісі арқылы әдемілеп бояуға тырысты.

Рефлексивті-түзетушілік

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

Күн деген кезде балалар ойынға шығады, ал балалар жаңбыр жауды деген кезде балалар қолшатырдың астына тығылады.

Балалар қимылды ойын ойнайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар түрлі - түсті ажырата білді.

Қандай түсініктерді игерді: Түсіне қарай дид.материалды орналастыру түсініктерін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Саусақ маторикасы әдісін қолдану дағдыларын меңгерді.

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 2279 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]