Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Солдан-оңға
15:59
Солдан-оңға

Тәрбиеші: Мейіргүл Ержанқызы Қожанова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы

Топ: Ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Таным»

Сала бөлігі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Солдан-оңға»

Мақсаты:

Білімділік: Сан атауын заттарды көрсете отыра сәйкестіруге үйрету.

Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, шыдамдылыққа, әсемдікке,  

                     ұқыптылыққа тәрбиелеу                                  

Дамытушылық: Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: Текше, күлгін

Көрнекі құралдар: 1-5ке дейінгі сандар, көрнекі суреттер.

Технология: «Тәй-тәй» технологиясы

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап, ойын.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Қызығушылық

және ынталандыру

кезеңдері

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады. Балалардың көңілін өзіне аудартады.

Балалар тәрбиешіге назар аударады.

Іздену және ұйымдастыру-шылық кезеңі

Тәрбиеші:Балаларды ортаға шақырып жылулық шеңберін құрады.

  • Балалар, қараңдаршы менің қолымда не?
  • Иә, гүлдер қандай?
  • Қазір мен сендерге бір-бірден гүлдерді таратып беремін, сендер сол гүлді бір-біріне әдемі тілектерінді айта отырып, ұсынасыңдар.
  • Ой, менің қолымда көп гүлдер жиналып қалыпты! Рахмет сендерге, балалар! Сендерге осы гүлдер сияқты жайқалып өсіңдер!
  • Енді сәлемдесіп алайық.
  • Жарайсыңдар, енді орнымызға ақырын ғана барып отырамыз.
  • Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті ҚМҰҚ. Тақырбы: Солдан-оңға

Тосын сәт. Айдана жылап кетіп бара жатады. Оны тәрбиеші тоқтатып:

  • Айдана бұл сенбісің?
  • Иә, мен – Айданамын.
  • Балалар, мынау – Айдана!
  • Сәлеметсіңдер ме балалар?!
  • Айдана сен неге жылап кетіп бара жатырсың?

 

  • Неге?

 

 

  • Сен балабақшаға бардың ба?
  • Болды жылама, бүгін біз балалармен сандарды үйренгелі жатырмыз. Біздің балалар саған көмектеседі.

 Балалар сендер Айданаға көмектесесіңдер ме?

  • Айдана сен мына жерге балалармен бірге отыр, сабаққа қатыс.
  • Балалар мынау қандай сан?
  • Дұрыс, ал мынау не?
  • Қарбыз нешеу?
  • Мынау қандай сан?
  • Иә, ал мынау не балалар?
  • Ол нешеу?
  • Мынау қандай сан?
  • Дұрыс, мыналар нелер?
  • Олар нешеу?
  • Иә, қандай сан?
  • Дұрыс, мынау қандай пішін?
  • Олар нешеу?
  • Дұрыс, қандай сан?
  • Иә, мынау не? Олар нешеу?
  • Дұрыс, жарайсыңдар балалар! Тағы да менде жақсы, әдемі заттар бар. Мынау не ?
  • Менің қолымда неше кітап бар?
  • Дұрыс, ал мынау не? Нешеу?
  • Иә, ал мынау не?
  • Лентаның неше түсі бар?
  • Дұрыс, ал мынау нелер?
  • Иә, дұрыс бірақ та ол орысша. Ал қазақша ол – текше деп аталады. Қане текше деп айтайық.
  • Менің қолымда неше көбелек бар?
  • Дұрыс. Балалар текшелер көп пе, әлде көбелектер көп пе?
  • Қайсысы аз?
  • Енді балалар сендермен қызықты бір ойын ойнайық. «Қай сан жоқ?» атты ойын. Мен бір санды жасырамын, сендер тауып алуларың керек.

Қане, көзімізді жұмамыз.(тәрбиеші бір санды тығып қояды)

Қай сан жоқ?

  • Дұрыс, тағы да жасырып көрейін. Енді мен Айданадан сұраймын. Қай сан жоқ?
  • Бес
  • Дұрыс Айдана. Үйреніп қалдың ба?
  • Иә, үйреніп қалдым.
  • Ойын осылай жалғасын табады.)

 

 

 

-Гүлдер

 

  • Әдемі

Балалар бір-біріне әдемі тілектерін айтады.

 

  • Рахмет!

 

  • Сәлем саған алтын күн!

 

Сәлем саған Көк аспан!

Сәлем саған Жер Ана!

Сәлем маған, сәлем саған!

Балалар өз орындарына барып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Сәлеметсіз бе?!

 

  • Өйткені мені мектепке алмай қойды.
  • Мен сандарды, пішіндерді білмеймін.
  • Жоқ, мен барған жоқпын, әйтпесе білер едім.

 

 

 

  • Иә, көмектесеміз.

 

  • Жарайды, рахмет!

 

 

  • Бір
  • Қарбыз.
  • Біреу.
  • Екі
  • Бұрыш
  • Екеу.
  • Үш.
  • Қояндар.
  • Қояндар үшеу.
  • Төрт.
  • Дөңгелек

 

  • Төртеу.
  • Бес.
  • Доп. Доптар бесеу.

 

 

  • Кітап

 

  • Бір кітап бар.

 

  • Екі жұмыртқа.

 

  • Лента.
  • 3 түсі бар. Сары, көк, қызыл.
  • Кубиктер.

 

  • Текше.

 

  • Бес көбелек бар.

 

 

  • Көбелектер.

 

  • Текшелер аз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Үш.

Сергіту сәті.

Ал балалар бір сергіп алайық

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Екеуін бірге қосқанда болып шықты он саусақ.

Рефлексиялық қорытындылау кезеңі

  • Балалар мынау не?
  • Ал мыналар?
  • Дұрыс, неше саусақ бар?
  • Иә, ал түстері қалай?

 

  • Дұрыс, балалар бірінші бізге кім келді?(бас бармақты жұмады)
  • Содан біз оған не үйреттік?
  • Келесі?
  • Одан?
  • Содан кейін біз не үйрендік?
  • Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

Тәрбиеші балалардан сұрақ-жауап арқылы балаларды марапаттап, мадақтайды.

  • Қол
  • Саусақтар
  • Бес
  • Қызыл, жасыл, көк, сары, күлгін.
  • Айдана жылап келді.

 

 

  • Сандарды

 

  • Түстерді
  • Пішіндерді
  • Сол және оң жақ ұғымдарын.
  • Иә.

 

Балалар алынған әсерлерімен бөліседі.

       

 

Күтілетін нәтиже: Сандарды, түстерді, пішіндерді, сол және оң жақ ұғымдарын үйрену.

Білу: Қарым-қатынас барысында сәлемдесе білу. Әртүрлі жылы сөздер айту.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 1232 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]