Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Сізге хат келді
15:15
Сізге хат келді

Ұйымдастырылған оқу  іс- әрекетінің технологиялық картасы

 

 

Шапхатова Салтанат

 «Толағай» тобы

Күні:  26.04.2013

Білім беру салалары:  Әлеуметтік орта

Бөлімдері:  Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Сізге хат келді»

Мақсаты:

Білімдік: Балаларға почта қызметкерінің еңбегімен таныс болуды одан әрі жалғастыру, хат туралы  түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын одан әрі дамыта түсіру.

Тәрбиелік: Балалар әрбір мамандықтың ой қырын түсіне біліп, әрбір мамандықтың керек екенін ұғындыру. Бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге  үйрету.

Алдын ала жұмыс және сабаққа дайындық: керекті құрал- жабдықтарды дайындау, Пошташы Печкиньмен таныстыру.

Қажетті құрал- жабдықтар: отбасы суреттері, түрлі- түсті хаттар түрі.

Әдіс- тәсілдер: Эксклюзивті,түсіндіру, әңгімелеу, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ- жауап, модульдік.

 

 

Қызмет кезендері

 

Педагогтің басқару іс-қимылдары

 

Балалар қызметі

 

 

 

 

1 кезең

уәждік-түрткі болу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:

Балалар залға кіріп орындыққы отырады. Сол кезде Пошташы Печкинь келеді.

Проблемалық жағдай орнату

- Сәлеметсіздерме, мына жер балабақша ма?

Мен Пошташы Печкинь едім, мен жолшыбай өтіп бара жатып, сіздердің балабақшаларыңа хат әкеліп едім, әрі балабақшаны көріп кетейін деп едім.

Балалар сендер қай топтың балаларысыңдар?

Ал менің мына дорбам толған хаттар мен газеттер, сәлемдемелер, хабарламалар.

Бұлардың бәрін мен әр үйге таратамын. Бұлар алыстан туыстардың, жақындардың, бауырлардың, ағайындардың жіберген хаттары балалар.

Менде мында «Райхан» балабақшасының «Толағай» тобына арналған тасымал хаттарым мен электронды хаттарымда бар.

Айман мен Шолпан деген екі егіздің хаты: «-Сәлем  «Толағайдың» еркелері, біз екі егіз Айман мен Шолпан боламыз. Қалдеріңіз қалай? Балалар балабақша сендерге ұнайма? Ұнаса сендерге біз электронды пошта арқылы да суреттер мен тапсырмалар жібердік. Біздің суреттер мен тапсырмаларымыз сендерге таныс болар деп ойлаймыз. Ал ендеше бәріңе сәттілік тілейміз!

Сәлеммен Айман-Шолпан!

 

 

 

 

Балалар Пошташы Печкиньмен амандасады.

- иә балабақша.

 

 

Балалар Печкиньмен танысады.

 

 

«Толағай» тобының балаларымыз

 

 

Балалар Печкинь жұмысымен танысады.

 

 

 

 

Балалар Печкиньнның әңгімесін қызыға тыңдайды.

 

 

Айман мен Шолпан хатын тыңдайды.

 

 

 

 

Иә ұнайды

 

 

Балалар Айман мен Шолпанның тапсырмаларын орындайды.

 

 

 

 

 

 

2 кезең

проблемалық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:

  1. Таныс бол бұл біздің балабақша.
  2. Менің отбасым.
  3. Мен кіммін, мен қандаймын, өскенде кім боламын?

Сергіту сәті «Көлік жүргізу»

  1. Дәрігер бізді емдейді.
  2. Отбасында барлығы еңбек етеді.
  3. Дүкенде кім қызмет етеді?

Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу:

Ойын: « Түрлі түсті хаттар»

Мақсаты: Балаларға түсті ажырата білуге және хат туралы білуге үйрету.

 

 

Балабақша суреттері арқылы балабақшамен таныстырады.

Отбасы мүшелерін атау.

Балалар өздері туралы айтып береді.

Сергіту сәті орындалады.

Дәрігердің сұрақтарына жауап береді.

Дүкенде нелер сатылаты туралы әңгіме құрастырап айтады.

Балалар түрлі түсті хаттар қиындыларын құрастырады.

 

3 кезең

рефлексті-түзетімдеуші

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:

Печкиньмен қоштасу, қорытындылау.

 

 

Балалар апайлармен пошташы Печкиньмен қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже: Балаларға пошта қызметкерінің еңбегімен толық меңгереді. Хат туралы түсінігі молайады.
 

Білу тиіс:  Әрбір мамандықтың сырын ұғынуы тиіс.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 1456 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]