Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Ою-өрнек түрлерімен таныстыру
15:40
Ою-өрнек түрлерімен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлерімен таныстыру

 

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларды қазақтың ұлттық әртүрлі өрнектерімен сәндей білуге үйрету.Оюларды бір-бірімен салыстыра отырып,берілген сұрақтарға нақты жауап беріп,олардың ойлау қабілетін дамыту;

Дамытушылығы: Өздігінен жұмыс істеуге үйрету,байқампаздығын,оқу-тәрбие ісіне  қызығушылығын арттыру.Ұжымдық жұмысты ұқыпты жасай білуге,істеген жұмыстарын түсіне білуге үйрету,ой-өрісін дамыту;

Тәрбиелік: Ою-өрнектерді ажырата білуге үйрету.Әр түрлі ойындар арқылы баланың байланыстырып сөйлеу мәнерін анықтауға,алғырлыққа тәрбиелеу.Тіл байлығын дамыту;

Көрнекі құралдарым: Қазақтың ұлттық киім суреттері,бұйымдар және ыдыстар.

 

Әрекет

 

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену-ұйымдас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

Балаларды қатармен топ бөлмесіне кіргізу,төрде отырған апайлармен амандасу.Жарты шеңбер етіп отырғызу.

 

Психологиялық дайындық

 

Шуақ шаша,алтын таңда

Мөлдір таза ауада.

Табиғатта бәрі оянды

Оян сенде бар бала!

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жадырайды жүздерің

Жарқырайды тобымыз

Сәлеметсіңдер ме? балалар!

 

  • Олай болса бүгін бізге келген қонақ апайларымызға жылы лебізімізді білдірейік

 

 

 

 

 

 

 

  • Енді барлығымыз терең дем алып,  «Уф» деп үрлеп демімізді сыртқа шығарайық.
  • Балалар таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеге қарасақ біз ең алдымен нені көреміз?
  • Олай болса,бәріміз бірігіп жаңа күнді қарсы алып,алдымен алақанымызды бір-бірімен түйістіріп көрейікші.
  • Не сезіп тұрсыңдар?
  • Осы алақан жылулары арқылы бір-бірімізге игі тілектер жылы лебіздер айтып амандасайықшы.

 

-Күніміз жарқын болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Деніміз сау болсын!

 

  • Балалар қыс мезгілі біткен соң жылдың қай мезгілі келеді?
  • Онда қандай мерекелер бар?
  • Олай болса наурыз мерекесіне Аяулым мен Аружан қазақы киімдерін киіп келіпті.Кәне кім маған айтып береді?Бас кйімі қалай аталады?

 

 

 

 

 

 

  • Көйлегі қандай әдемі,көйлегі сәнді ме?Оған не жетіспейді?
  • Кәзір бәріміз осы көйлекті «Қошқар мүйіз» оюымен сәндейміз.
  • Сендер қандай оюлар түрлерін білесіңдер?
  • Өнер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

 

 

 

 

  • Ендеше балалар осы ұлттық киімдер туралы тақпақ өлеңдер айтып көрейік.

Камзол кием қынай бел,

Толған ою-өрнекке.

Билесін деп сұрайды ел,

Өнерімді көрмекке.

 

Көйлек киіп әдемі,

Тамсандырам елімді.

Түрлі-түсті сән көйлек,

Көз тартады не керек.

 

Кәне балалар көп тақпақтар мен. өлеңдер біледі екенсіңдер,енді мына екі қыз тосып қалды олардың қамзолына  «қошқармүйіз» оюын жапсырып берейік.

Маған арнап жекелеп,

Әжем басты текемет.

Бір топ адам аяқпен,

Теуіп берді төпелеп.

Басу қызық текемет,

Үсті-үстіне төпелеп.

Алда біреу жіппен,

Саумалдайды жетелеп.

Әрі біраз аунаттық,

Бері біраз аунаттық.

Қабат шидің сыртынан,

Қайнақ суды саулатып.

 

 

 

 

Рахмет балалар біз қамзолды әдемі етіп әшекейлеп бердік,ендеше бәріміз Мерейханның  «Еңбек» туралы тақпағымен аяқтаймыз.

 

 

 

 

Еңбек еткен бала бәрін де жеңеді екен,олай болса тек еңбек етейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлкендермен амандасады

 

 

 

Күннің көзі ашылып,

көктем шуақ  шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Ал,кәнекей бәріміз

Сәлем беріп үлкенге,

Сәлеметсіздерме апайлар!

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнді көреміз

 

 

 

 

Жылылық.

 

 

Армысың,қасиетті аспан ата

Армысың,шұғылалы нұрлы күн

Армысың,қасиетті Жер-ана!

Армысыздар апайлар,

Армысыңдар менің достарым.

 

 

Көктем

Аналар мерекесі және наурыз

 

 

 

 

Сәукеле және тақия

                                 

Әрине ою-өрнектері жоқ.

 

 

 

«Қошқар мүйіз», «Гүл», «Көбелек», «Тарақ»    т.б

 

Шебердің қолы алтын,

Шешеннің сөзі алтын.

«Адамды өнер танытады»

«Бөрік адамға-көрік»

 

 

 

 

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты-еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты-еңбек.

Сабағыңды жөндеп

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Ою-өрнек түрлерімен танысып,қайда кездесетіні туралы мәлімет алды.

Меңгеруі: Ою-өрнектері суретке қарап ажырата  алады.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 2081 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]