Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 21 » О дыбысы мен әрпі туралы
17:06
О дыбысы мен әрпі туралы

О дыбысы мен әрпі туралы

 

Мәулі бәйтерек

 

Тақырыбы: «О дыбысы мен әрпі»
Сабақтың тақырыбы:   «О дыбысы мен әрпі»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
1.О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап   табу, сөйлем құрап айтуға үйрету. 

2.Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын   кеңейту, тілін  дамыту.

3.Дидактикалық ойындар арқылы ұқыптылыққа, шапшандылыққа тәрбиелеу.

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сауат ашу және жазу негіздері, тіл дамыту, сурет салу.
Сабақтың типі: аралас, машықтық.
Сабақта қолданатын педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, тірек карта арқылы оқыту.
Сабақтың өтілу әдісі: түсіндірмелі-иллюстративтік, жартылай ізденіс, машықтық.
Оқыту құралдары: ой қозғау, логикалық ойындар.
Демонстрациялық материал: суреттер
Қоңыраудың сиқырлы
Естіледі сыңғыры.
Қолыңды бер дейді,
Шеңберге кел дейді.
-Балалар, бәріміз шеңбер құрайық. Бір-бірімізге жақсы сөздер айтып амандасайық.Сабағымыз сәтті болсын. Деніміз сау болсын. Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетейік
Сәлеметсің бе, Ақбота, сен сүйкімдісің.
-Сәлеметсің бе, Жадыра, сен қайырымдысың.
-Сәлеметсің бе, Ажар, сен ақылдысың.
-Сәлеметсің бе, Ернұр, сен сабырлысың.
-Сәлеметсің бе, Зарина, сен мейірімдісің.
Сәлеметсің бе, Тамерлан, сен батылсың.
Дыбыс деген не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Әріп деп нені айтамыз?
Әріптерді не істейміз?
Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
О дыбысы қандай дыбыс екен?
Әріп таңбасы неге ұқсас?
О дыбысына байланысты сөздер айту.

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: слайд балабақшаға | Просмотров: 3519 | Добавил: Admin | Теги: презентация, балабақша, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]