Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Мерекелік ертеңгіліктер
17:27
Мерекелік ертеңгіліктер

Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.
    Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
  Әлемді білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалап отыр. 
   Эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылық-эстетикалық мәдениетін ынта-ықыластарына қарай қалыптастыру. Жеке тұлғаның өнерді, табиғатты, адамгершілік қасиеттерді сыйлап өсуіне жағдай жасау. Адамның сұлулық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемділікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады. 
   Балабақшаның эстетикалық тәрбие жүйесінде мерекелік ертеңгіліктер ерекше орын алады. Олар бала сеіміне әсер ету құралы ретінде өнер мен көркемдк іс-әрекеттерінің түрлерін біріктіреді.
    Балабақшалар тәжірибесіне мерекелік ертеңгіліктерді өткізуге белгілі бір көркемдік-педагогикалық талаптар қарастырылады. Онда ең бастысы өнер туындыларының балаға тигізетін ықпалына баса назар аударылады.  Ертеңгіліктің тақырыбына және өткізіліп отырған жыл мезгілін бейнелейтін көркемдік безендірілерге үлкен мән беріледі. 
   Егер ертеңгіліктегі балалардың іс-әрекеті, эстетикалық тәрбие міндеттері туралы айтатын болсақ, онда олардың орындалу мәнерлігіне тоқталу қажет. Мәнерлікке баланың көркем іс-әрекетінің түрлеріне қажетті дағдыны үйренуі негізінде өзі орындаған өлеңдердің, тақпақтардың мазмұнына өз көзқарасын, белгілі бір көңіл-күйін білдіре алу мүмкіндігінің пайда болуының нәтижесінде қол жетеді. 
    Өлең айтуда мәнерлікке әуенді нақты орындау мен таза біріккен үйлесімді үндестікпен, тақпақ оқығанда даусы екпінінің алуан түрлілігімен, жақсы мақаммен биде, қимылдың, музыканың сипатына, музыкалық шығарманың қалпына сай келуіне байланысты қол жетеді. 
   Жақсы дайындық, ойласытырлған сценарий, дұрыс ұйымдастыру осының бәрі мерекедегі әр баланың көңіл күйімен мінез құлқы, өнердің түрлі түрлерінің ықпал ету сапасын анықтайды. Балалар қуанышты, өздерін еркін де қысылмай ұстаулары тиіс. Мерекелік сценарилердің көптеген нөмірлермен шамадан тыс толықтыруға болмайды. Іс-әрекет пен демалу сәтті кезекпен алмасатындай етіп, материалды бөлу абзал
 Мерекелік атмосфера құруда жүргізуші үлкен рөл атқарады. Егер ол мерекені жақсы қарқынмен жүргізіп, тілін мәнерлі болса бағдарламаның балаға әсері де ерекше болады. Мерекелік бағдарлама қызықты болу үшін балалардың қабілетін, талғамын, музыкадағы, көркем тілдегі шығармашылық белсенділігін   дамыта, олардың белгілі бір дағдыларын меңгеруін қамтамасыз ете отырып, олармен күнделікті жүйелі жұмыс жүргізу қажет. 
   Мерекелік ертеңгіліктер балаларға арналған қуаныш екенін алдымен тәрбиешілер есте сақтауы тиіс. Ол-балалар көпке дейін есінде сақтайтын әсерлердің қайнар көзі 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 1672 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]