Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Менің Отаным
16:45
Менің Отаным

Тәрбиеші: Айнаш Атмаевна Найманова, Қызылеңбек бөлімшесі, Қазақстан  ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: «Менің Отаным»
Мақсаты: бүлдіршіндерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құраладар: 1. Ұран сөздері жазылған плакаттар.
2. Туған жердің көріністері.
3. ҚР рәміздері.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар! 
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз, «Менің Отаным» атты ашық көріністі бастайық.
Әнұран орындалады. 
Тақпақтар:
Отан,Отан! 
Сен болмасаң, не етер ем?
1. Мәңгілікке бақытсыз боп етер ем.  
2.  Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен
Қазақстан туған ел.
3. Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-досың, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
4.  Елтаңбасы елімнің, 
 Неткен әйбәт, әдемі.
Тұнығыңдай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
5.  Желбірейді шарықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.   
Ән: «Біз бақытты баламыз».
6.  Еңсесі биік Қазақстан Отаны,
Бар әлемге жайылыпты атағы.
7.  Отан деген-атамекен
Отан деген туған жер
Отан-ана
Отан-үлкен
Қазақстан-туған ел.
Би:  «Қара жорға».    
Би:  «Қазақ биі».
Ән: «Менің  Отаным».    
Осымен бүгінгі көрінісіміз аяқталды.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 1484 | Добавил: Admin | Теги: ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]