Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар және үй жануарларымен таныстыру
01:19
Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар және үй жануарларымен таныстыру

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беретін колледжінің 
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының оқытушысы 
Жумырова Гульдана Оркинбековна

Мамандық: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Пәні: «Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру  әдістемесі»
Курс 3
1. Сабақтың тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар және үй  жануарларымен таныстыру.
2. Сабақтың түрі және типі аралас
3. Сабақтың көрнекілігі: тірек- кестелер, слайд, плакаттар.
4. Сабақтың мақсаты:
а) Білімдік міндет  Студенттерге  мектеп жасына дейінгі балаларға жабайы аңдар мен үй  жануарларын таныстыру түрлерімен, әдістерін  үйрету. 
б) Тәрбиелік міндет Зейінділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
  в) Дамытушылық міндетСөйлеу тілдерін дамыту, шығармашылықпен айналысуға ықпал жасау.
5. Күтілетін нәтиже :
а) Оқушылар түсінуі тиіс : студентер тақырыпты ашуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігін түсінуі тиіс..
 б) Оқушылар білуі тиіс : Студенттер балалардың жас еркешеліктеріне қарай тақырыптарды іріктеуді және тақырып бойынша сұрақтарды  дұрыс құруды білулері тиіс. 
 в) Оқушылар жасай білуі тиіс Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі-құралдарды  және технологиялық карталарды жасай біледі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу, 4гүлдер түсіне қарай 4 топқа бөлінеді)
Құрметті оқушылар, бүгін біз өткен сабақты қайталап, жаңа сабақтың мазмұнын ашып, топпен жұмыс жасаймыз.  

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын 9 тор көзден тұратын кесте арқылы сұраймын. Әр тор көзде өткен тақырыптар бойынша сұрақтар бар. Әр топ 1 тор көзді тандайдыда, сұраққа жауап береді.  (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан). 
 
    2    3

4         6
 
    8    9

Сұрақтар:
1.    Қай ағаштың жапырағы?
2.    Газон  дегеніміз не?
3.    Гүлзарларда өсетін  гүлдерді ата.
4.    Балабақша жер учаскосының маңызы.
5.    Ағашты ата.
6.    Табиғат бұрышындағы өсімдіктерді  ата.
7.    Қандай гүл?
8.    Табиғат бұрышындағы жануарларды  ата.
9.    Балабақшадағы   учаскені  көгалдандыру

ІІІ. Жаңа сабақ  
Мұғалім: Тірі табиғатқа өсімдіктерден басқа тағы жануарлар әлемі жатады. Бүгін сіздермен жануарлар туралы бар білімдеріңізді бекітіп, мектеп жасына дейінгі балаларға жануарларды  таныстыру түрлерімен, әдістерімен танысамыз. 
Мұғалім: Жануарлар нешеге бөлінеді?

1 Слайд. Мектеп жасына дейінгі балаларды жабайы аңдар мен  үй  жануарларымен таныстыру.
Ой толғаныс. (әр топқа 1-1суреттен  беріледі, оқушылар бейнеленген жануарлар туралы  өз білімдерін жазады ) 
2 Слайд. Жабайы аңдар мен  үй  жануарлары туралы негізгі мағлұматтар. 

 
Жануарларға өмір сүру үшін не керек?

 

азық                             жарық
                                           су            ауа     жылу    
   3 Слайд. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жабайы аңдар мен  үй  жануарларымен таныстыру.

Сәбилер тобы. 1 жасқа толғанға дейін ҰОӘ әр баламен жеке өткізіледі. Таныстырудың негізгі әдісі -  жануардың өзін көрсету. Объектіні көрсеткен кезде  атын айтады- «мысық» «мяу-мяу», келесі сабақтарда объетіге жақынырақ барып «мысық қайда?» деген сұрақ қояды, ал келесі сабақтарда  «мысықты көрсетші дейді». 10-11 айда балаларға сурет көрсету арқылы «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды» көрсетуге болады. 2 жасқа қарағанда  балаларға жануарлар туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға болады. /сыртқы көрінісі, жүрісі, дауысы/.1,5 жасқа дейін балалар жануарларды түріне қарай және суреттерден танып білуге талап етеді.  Ал, 1,5 жастан бастап ойыншық бойынша  жануарлардың мүшелерін: аяғын, құйрығын, көзін, құлағын көрсету тиіс.  Сабақты  жеке-жеке және 4-6 баладан шағын топ жасап өткізеді. 

Мысалы: «Мысықпен таныстыру»

Объектіні көрсеткен кезде  атын айтады- «мысық» «мяу-мяу», келесі сабақтарда объектіге жақынырақ барып «мысық қайда?» деген сұрақ қояды, ал келесі сабақтарда  «мысықты көрсетші дейді». 10-11 айда балаларға сурет көрсету арқылы «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды» көрсетуге болады. 


  

 

Ортаңғы топ. Ортаңғы топтада жануарларға бақылау және сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Балаларға үй жануарларына тән белгілерді: сыртқы түрі, мінез-қылығы, сондай-ақ олардың адамдарға тигізетін пайдасы және адамның оларға деген қамқорлығын да білу керек. Мысалы, келесі тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізуге болады: «Үй жануарлары», «Тауықтар», «Ит  және күшіктер» және т.б.


  Мысал: «Тауықтарға бақылау»
  

Ересектер тобы.  Ересек топтың балалаларына өздері тұрған жерде аса көп кездеспейтін үй жануарларымен /түйе, бұғы, есек – олардың сыртқы түрі, мінез-қылығы, адамдарға келтіретін пайдасы/таныстырып, жабайы аңдар /қасқыр, кірпі, қоян, түлкі , аю – олардың мекендейтін жері, қорегін аулау әдісі/ туралы түсініктерін кеңейту жөнінде талаптар қойылады. Жануарларды қарағанда оның дене мүшелерін / бас, арқа, құрсақ, аяқ, табан, қанат, көз , құлақ және т.б./ ажыратып,  дұрыс атауға жәнеде жүрістерін сипаттап /қасқыр жүгіреді, қоян секіреді/ айта білу керек. Зообаққа экскурсия жасауға болады, картиналармен әңгіме, бақылау және т.б.

V.    Жаңа тақырыпты  меңгеру кезеңінде берілетін  тапсырмалар
4 топқа тапсырмалар беріледі
1 тапсырма Ортаңғы топтарға сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру
2 тапсырма Екінші кіші топтарға сурет бойынша сұрақтар құрастыру
3 тапсырма Жабайы аңдар мен  үй  жануарларының айырмашылығы. Балаларға түсіндіру жолы.
4 тапсырма Ойын құрастыру

VI.    Бағалау (4 түсті гүлдің санына қарай бағаланады)
VII.    Үйге тапсырма   
•    2-кіші топтарға  «Итті бақылаудың» технологиялық картасын құру. 
•    Ортаңғы топтарға «Жайлауда» тақырыбында  технологиялық карта құрастыру. 
•    Ересек топтарға «Аңдар» тақырыбында сурет бойынша әңгімелеу құрыңдар. 
•    Балаларға үй және дала жануарлары туралы білімдерін бекітуде ойын ойластырыңдар.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 4568 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]