Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Мандариндер мен апельсиндер
16:00
Мандариндер мен апельсиндер

Тәрбиеші: Дана Кайратовна Бабиева, Көктөбе ауылы, «Ақбота» балабақшасы

Топ: 2-кіші топ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Сала бөлігі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Мандариндер мен апельсиндер»

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға мандариндер мен апельсиндер туралы түсінік қалыптастыру. Мандариндер мен апельсиндердің түсі мен пішінін ажыратуға үйрету.

Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, шыдамдылыққа, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: Мандарин

Көрнекі құралдар: Мандарин, апельсин.

Технология: «Тәй-тәй» технологиясы

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап.

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Қызығушылық

және ынталандыру

кезеңдері

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады. Балалардың көңілін өзіне аудартады.

Балалар тәрбиешіге назар аударады.

Іздену және ұйымдастыру-шылық кезеңі

Тәрбиеші:Балаларды ортаға шақырып шаттық шеңберін құрады.

 

 

  • Жарайсыңдар, енді орнымызға ақырын ғана барып отырамыз.
  • Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Мүсіндеу. Тақырбы: Мандариндер мен апельсиндер.

 

Тауық: Қыт-қыт-қыт-қыт.

 

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! –
  • Қалдарың қалай? –
  • Мені көп күттіндер ме? Міне апельсин мен мандарин.

Тәрбиеші:

  • Ой, рахмет саған тауық! Енді сен біздің қонағымыз бол. Біздің балалардың сабақтарына қатыс. Балаларға көмектесіп жібер.

Тауық:

  • Иә, көмектесейін.

Тәрбиеші:

  • Балалар мынау қандай жеміс?
  • Түсі қандай?
  • Пішіні ше?
  • Ал мынау қандай жеміс?
  • Түсі қандай?
  • Пішіні ше?
  • Иә,дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді орталықтарға бөлініп, апельсинді мүсіндейміз, мандариннің суретін бояймыз.

Тауық:

  •  Тоқ сары қарындашты алып, мандариннің суретін сыртына шығармай бояймыз.

Тәрбиеші:

  • Бір үзім ермексазды екі алақанның ортасына салып, домалатамыз.

Айда біреу аспанда,

Күнде біреу аспанда,

Тобымыз біздің «Жұлдызша»

Бәріміз де бір жүрек,

Сәлем бердік сіздерге,

Жүрегіміз елжіреп.

 

Балалар өз орындарына барып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

  • Сәлеметсіз бе?!

 

  • Жақсы.

 

  • Иә, көп күттік.

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Апельсин

 

  • Тоқ сары
  • Дөңгелек
  • Мандарин

 

  • Тоқ сары

 

  • Дөңгелек

 

  •  

Сергіту сәті.

Ал балалар бір сергіп алайық.

 

 

 

 

Тәрбиеші:

  • Тауық, сен бізге апельсин мен мандаринді бау-бақшадан алып келдің. Мен саған қысқы азыққа тарымды берейін. Тауық, сен тарыны жақсы көресің бе?

Тауық:

  • Иә, жақсы көремін. Рахмет. Ал енді балалар, мен үйіме қайтайын. Сау болыңдар!

Жып-жылы таза суда,

Балық жүзіп ойнауда,

Біресе керіледі,

Біресе жиырылады,

Біресе құмға тығылады.

Балалар орталықтармен ауысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сау болыңыз!

Рефлексиялық қорытындылау кезеңі

  • Балалар мынау не?
  • Ал мыналар?
  • Бас бармақ қандай түспен боялған?
  • Бүгін бізге қонаққа не келді?
  • Балан үйрек қандай түспен боялған?
  • Тауық бізге не әкелді?
  • Ортан терек қандай түспен боялған?
  • Біз қандай жемісті ермексаздан жасадық?
  • Шылдыр шүмек қандай түспен боялған?
  • Кішкентай бөбек қандай түспен боялған?
  • Қандай жемістің суретін салдық?

 

  • Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
  • Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер сабаққа жақсықатыстыңдар.

Тәрбиеші балалардан сұрақ-жауап арқылыбалаларды марапаттап, мадақтайды.

  • Қол
  • Саусақтар
  • Көк

 

  • Тауық

 

  • Тоқ сары

 

  • Апельсин мен мандарин

 

  • Апельсинді ермексаздан жасадық.

 

  •  

 

 

  • Мандариннің суретін салдық.

 

  • Иә

 

Балалар алынған әсерлерімен бөліседі.

 

Күтілетін нәтиже: Түстерді, пішіндерді білу.

Білу: Қарым-қатынас барысында сәлемдесе білу. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 2414 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]