Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Мал атауларын және оған тіл қатуды үйрету
01:15
Мал атауларын және оған тіл қатуды үйрету

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№8 орта мектептің бастауыш сынып  мұғалімі
Серикова    Салтанат   Тілекқызы

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларымен таныстыру. Мал атауларын және оған тіл қатуды үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларға төрт түлік малдың пайдасы, малға сіңірілетін адам еңбегі туралы түсінік бере отырып мал шаруашылығын сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру
Сабақтың көрнекілігі: Жануарлардың суреттері, венн диаграммасы, мақал – мәтелдер,өлең, ойын,т.б 
Сабақтың барысы: Үйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа даярлау.Қызығушылығын арттыру. Үй тапсырмасын тексеру.Дәптермен жұмыс.

Жаңа сабақ: 
Жаңа сабақты үй тапсырмасымен байланыстыру
Оқулықпен жүмыс: сиыр өлеңін мәнерлеп оқып беру

Көрнекіліктерді пайдалана отырып, венн диаграммасын қолданып сиыр туралы түсінік беру.
Оқушылар сиырдың төлі бұзау өлеңін айту
Жаңылтпаш:  топпен оқу
Мақал – мәтел: тізбектеп оқу.

Дәптермен жұмыс: 31 – жаттығу. Тақтаға орындау.Қатемен жұмыс.Жуан дауысты әріптің астын сызу.Мұғалім оқу.Жұмбақтың жауабын табу.

 Сергіту сәтін орындау.
« Қай малдың төлі» ойынын ойнайық!
Ойын шарты: суреттегі малды атап, төлдерін тап.
Қане, осы малдар қалай дыбыстайды.
Сйыр мөңірейді.
Жылқы кісінейді.
Түйе боздайды.
Қой маңырайды.
Ешкі маңырайды.
Жарайсыңдар.
Ал кәнекей балалар,мал атасын атайық.
Қой атасы – Шопан ата
Жылқы атасы – Қамбар ата.
Сйыр иесі - Зеңгібаба
Ешкі иесі – Сексек ата
Түйе атасы – Ойсылқара


Сабақты бекіту: жұмбақтар жасыру.
Жұмбақ шешімдерін суретпен табу.

1. Кезікті жануар 
   Үстінде екі тауы бар        ( түйе)

2 .Қояды екен әр шаруа
    Қызығына құт байлап
    Қанша құйып алсаңда,
    Сарқылмайды сүт, қаймақ      (сиыр)

3. Кішкене ғана бойы бар,
   Айналдырып киген тоны бар      ( қой)

4. Қияғындай құрақтың
    Қиығы екі құрақтың
    Үкідей кекілі желбіреп
     Шаншылып күлте құйрығы
         ( жылқы)
5.  Басында екі таяғы бар,
     Төрт аяғы бар,
      Сегіз тұяғы бар,
     Иегінде сақалы бар
                                                       ( ешкі)

Сабақты қорыту: Бағалау. 

Үйге: 30 – жаттығу.Жуан дауысты дыбыстардың астын сызу. Сиыр жаттау.36 бет

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 731 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]