Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Л - дыбысы мен әрпі
01:11
Л - дыбысы мен әрпі

                 МКҚК «ЕрТарғын» балабақшасы

Тақырыбы:    

 «Л»-дыбысы мен әрпі

№9 «Балдырған» тобы

Тәрбиеші:      Ережепова Эльмира

                                     2013-2014ж

 

Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің  технологиялық  картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сауат ашу»

Тақырыбы:    «Л» -дыбысы мен әрпі

Мақсаты:  Л-әріпі  және дыбысымен   таныстыру, әр түрлі тапсырмаларда орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру,Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.  Л-дыбысы  бар сөздерді ойлап табуға, дауысты-дауыссыз  дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:  жұмбақтар, сұрақ-жауап,сүретпен,дәптермен жұмыс

Көрнекіліктер: Ғажайып сәт.әріптер,сүреттер,жұмыс дәптері

Билингвизм:   Лақ-коза,

 Іс-әрекет      кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

  іс-әрекеті

Мотивациялық   қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру-

  Іздестіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті-

түзетүшілік

           Жылулық шеңбері:

-Балалар қәнекей бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп,көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы.

 

  Бақыт деген осы шаттық шеңбері

  Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері

  Бақыт деген көрмей қалса сағынып,

  Мен іздейтін адал жүрек сендегі.

 

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізге келген қонақтармен сәлемдесейік

-Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу іс-әрекеті. Біз өткен оқу іс-әрекетінде.қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші

-Дұрыс айтасыңдар.(Р-дыбысын тақтаға ілу)

 -«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?

 -Дұрыс айтасыңдар.

«Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз?

 

«Р»  әріпінен,және кездесетін сөздерді  маган кім айтып береді?

 

-Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?

 

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын  мұқият тыңдаңдар, жауабын шешуге маған көмектесіңдер

 

   «Мә-мә»деген әні бар

    Секірер ор, жары бар

    Селтеңдейді құлағы

    Секіргіш бір жануар

    Ол не екен балалар?

 

«Лақ»сөзін айтып көрейікші

 

 

-Балалар «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз?

 

«Л»дыбысын айнаға қарап тұрып қайталайықшы

 

-«Л» дыбысы қалай айтылып тұр? Кедергімен бе ,әлде кедергісіз бе?

 

-Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.

-Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс  екен?

-«Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз?

 

-Балалар мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі,ал мынау жазба түрі

 

Тіл ұстарту жаттығулары:

1.Ла,ла,ла-бұл әдепті бала,

   Лу,лу,лу-біздің Нұрай сұлу.

2.Ра-ра келді ара

   Ла-ла араның усті ала.

-дұрыс, балалар л-дыбысы сөздің басында ортасында аяғында да кездеседі.

- Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал,  бал сөзінде сөздің аяғында , балапан сөзінде сөздің ортасында келеді.

-

1. Тапсырма  «Дыбыстық талдау»

Лақ, тал

( үтел-үстінде)

2.Тапсырма.

 

(Жаңылтпаш жаттау)

-Балалар, «л»-дыбысына жанылтпаш айтайық (барлық баламен)

 «-Ләйлік  лайға лайланды, Лайланған  ләйлік, лайда отырып   жайланды.»

(Сыбырлап, орта дауыспен, қатты дауыспен айтқызу)

 

Жарайсыңдар.

-Балалар, «Л»-дыбысын, кәні ауада жазып көрейік.

 

Дәптерімізді ашайық

Әдемі етіп жазайық.

 

Дәптермен жұмыс:

Қарындашты дұрыс ұстап,

жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту.

 

Дәптердегі үлгіге қарап «л»-дыбысын баспа түрін жазады

 

Сергіту сәті:

   Жалт-жұлт етіп лақ,

   Жағалайсың бұлақ,

   Секірем деп бірақ,

    Қала көрме құлап.  (2рет)

 

Қортындылау  -Балалар біз бүгінгі  оқу іс-әрекетінде  қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық?

-Л дауысты ма  әлде дауыссыз ба?Неге?

 

«Дауысты-дауыссыз» дыбыстар ойыны

Балалар, қолдарындағы көк,қызыл түсті дөнгелек-таяқшалармен дыбыстарды ажыратып береді.

 

-Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз, кәні келген апайлармен қоштасайық

 

 Біз ақылды баламыз,

 Айтқан тілді аламыз.

 Бүгін келген қонаққа

Сау болыңыздар деп айтамыз.

 

 

Шеңберге тұрып,тілектер айтады.

 

 

 

 

 

 

Саламатсыздарма  апайлар!

 

 

 

-«Р»дыбысы

 

 

-«Р»дыбысы

Дауыссыз дыбыс

-Р дыбысын көк текшемен белгілейміз

 

Радио, ара, зымыран,т.б.

 

-Дыбысты естейміз,айтамыз.

-Әріпті көреміз, жазамыз.

 

 

 

 

 

 

 

-лақ

 

-лақ,

 

 

-Л-дыбысы.

 

 

 

 

 

-Л дыбысы кедергі мен айтылып тұр.

 

 

 

-Л-дыбысы дауыссыз

 

-Көк түсті текшемен

 

 

 

 

 

 

Балалар бірнеше рет қайталайды

 

 

 

 

 

-балалар сөздерді қайталайды

 

 

 

-текшемен белгілейді.

Дыбыстық талдау жасап

 

-Балалар жаңылтпаш айтып тілдерін жаттықтырады.

сыбырлап, орташа, қатты айтады

 

 

-Л әріпін ауада жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Л әрпімен

- Дауыссыз.

-Өйткені кедергімен айтылады.

 

 

,

 

 

 

 

 

 

 

 

Келген қонақтармен қоштасады

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 6376 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]