Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 20 » Үй құстары
01:49
Үй құстары

Білім беру саласы : «Таным»                         

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті :  «Қоршаған ортамен танысу» 

Тақырыбы : Үй  құстары

Мақсаты : Балаларға үй құстары туралы түсінік  беру .Балалардың  есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру ,сөздік  қорын  молайту.Құстарға деген қомқорлыққа  тәрбиелеу .Саусақ қимылдарын дамыту .

 

Әрекет кезеңі

 

                      Тәрбиешінің іс әрекеті

 

 Балалардың іс-әрекеті

Кіріспе  бөлім

  

Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.

Ендеше  қонақтармен амандасып алайық..

Үлкенге де,сіз

Кішіге де, сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз.

 

 

 

Шеңбер бойында  тұру  .

Қолды алға  созу.

Қолды  кеудесіне қою

Басты  төмен  ию.  

 

                          Аралық  бөлім

 

 Күтпеген сәт: « Құстардың дыбысы »

 Сурет арқылы балаларды үй құстарымен   

 таныстырамын . Үй құстарына тауық, қаз ,әтеш , үйрек жатады. Құстардың пайдасы туралы айту

Тауық:  қыт-қыт

Әтеш:  ку ка – ре- ку

Қаз : қаңқ –қаңқ

Үйрек : быт –быт   деп дыбыстайды

Балалардан құстардың атын сұрап , дыбысын тыңдатып балаларға  қайталатамын

 

 

 

 

 

 

Дыбыстарды қайталайды.

 

 

 

 

 

 

                     Қорытынды  бөлім

    Сергіту сәті :

Тауық тары  жинапты

Оны ешкімге қимапты

Бөтекесін  толтырып

Қамбасына  құймапты

Қыста тауық  қыт-қыттап

Тары іздеп  жүр  тақылдап

Жұмыртқа  жарылады

Балапан шығады

Ойын «Құстарға жем  жинаймыз»

Шарты: балалар жемді жинап  тауыққа береді .

  Балалар жарайсындар, енді  барлығымыз бірге тауық пен оның  балапандарына би  билеп берейік.

Би: «Шөжелерім»

 

Тары  іздеу  қимылын  жасайды.

Қолдарын айқастырады

Бүйірлерін ұстайды

Басын  шайқайды

Тауық сияқты дыбыс шығарады

Тауыққа ұқсап жүреді

 

 

Балалар құстарға жем жинайды .

 

Балалар би қимылдарын жасайды

                   

  

Біледі: Балалар үй құстарының аттарын біледі.

Үйренеді: Үй құстары туралы

Игереді:  Қамқорлық жасауды.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 1726 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]