Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » І дыбысы мен әрпі
01:06
І дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты.: а) І дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.
ә) І дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың ой-өрісін,тілін дамыту.
б) Бірігіп жұмыс істеуге,бірінің пікірін бір зер салып тыңдауға, табиғатты сүюге,оларды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,ой-қозғау,сұрақ-жауап,топ,жұппен жұмыс
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,өзін-өзі тану.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте,і әрпінің баспа,жазба түрі,суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.Псих-қ трен-г.
Біз,біз біргеміз
Сөгілмесін іргеміз.
Ізденсек бірге бәріміз,
Жетерміз білім шыңына.
•    Балалар,бүгінгі сабағымызда зерттеуші болуды үйренеміз. Ғалымдарды да зерттеушілер деп атайды.Себебі ғалымдар да ,ата-бабаларымыз да түрлі техника,түрлі жайттарды табиғатқа қарап ойлап тапқан.
Ұлы ғұлама Әл-Фараби атамыздың мынадай қанатты сөзі бар: «Адамның негізгі білім алатын көзі – табиғат.
•    Біздің бүгінгі сабағымыз табиғатпен тікелей байланысты болмақ.Қазір көптеген қызықты тапсырмалар,ойындар ойнаймыз. Оның барлығын орындап үлгеруіміз сендердің жылдамдықтарыңа, зеректіктеріңе, білімдеріңе байланысты. Алға қойған мақсатымызға қалай, ненің арқасында жете аламыз? (ауызбіршілік ,бірлік)
•    Бірлік туралы қандай мақалдар білеміз? « Бірлік болмай-тірлік болмас»
•    Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?(оқушылардың ой-пікірлері )
•    Өте жақсы,біз міне «Бірлік» аялдамасында тұрмыз.
•    Енді «Бірлік» аялдамасынан сайын далаға саяхатқа шығамыз.Көзімізді жұмып,ойша көз алдымызға елестетейік,далада нелерді көруіміз мүмкін.(шөптер,құм,ағаш,аңдар т.б.).Енді көзімізді ашып,табанымыздың астына қарасақ нелер жатыр екен балалар?(Іздер)
Үй тапсырмасын қорыту
•    Әрина іздер,бұл балалар жай іздер емес,сиқырлы іздер,іздердегі сөздерді қатесіз оқысақ бұл іздің қай аңдікі екенін анықтай аламыз.
•    Қане тездетіп оқиық(іні,іс,тіс,кіші,кісі,кілт,ісі).
•    Яғни, бұл түлкінің ізі екен.Түлкі туралы не білеміз?( Қу, айлакер, жыртқыш, далада өмір сүреді т.б.)
•    Біз бұның бәрін қайдан үйрендік?
•    Кітаптан,кітап туралы қандай мақал білеміз.
•    «Кітап – білім бұлағы»
•    Қалай түсінесіңдер?(ой-пікір) «Білім» аялдамасына келген екенбіз.
•    Ендеше кітаптан алған білімімізді көрсетейік?
Тақтаға Қандай?Кім? сұрақтары ілінеді
•    Менің қолымдағы не?(доп,шар)
•    Доп қандай? (ауыр) шар қандай ?(жеңіл)
•    Алма қандай (қызыл, тәтті). Пияз (ащы,сары)
•    Қарындаш қандай,(жуан), қылқалам (жіңішке)
Сонда қандай сұрағы арқылы заттардың несін білдік? (түрін,дәмін,көлемін, салмағын).
•    Келесі сұрақты оқиық (кім?)
Оқулығымыздың 80 бетін ашайық.Сұрақты бір бала,жауабын келесі бала,мамандығын үшінші балаға оқытамын.
- Кім сұрағы тек ғана адамдарға қойылады екен.
•    Кітаптан алған білімдерімізді өте жақсы көрсеттік.
Сергіту жаттығуы. Біз көңілді баламыз,
Әсем әнге саламыз
Буынға бөліп сөздерді,
Білімге білім қосамыз.
3.Жаңа сабақ.
- Саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз. Балалар жолда біз тағы іздерге кездестік,бұл іздердің қай аңдікі екенін білгілерің келе ме?Ендеше іздегі суреттерге қарайық. Бұл не екен?
Кесіртке,елік,етік,кекілік,ешкі. Осы сөздерді буынға бөлейік,қанша буын бар,і дыбысы қай буында келеді?Осылайша барлық сөздерді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасаймыз.Өте жақсы,тапсырманы орындадық.
•    Енді іздің қай аңдікі екенін білейік (кірпі).Осы із бізді қайда әкелді?
•    Әрине інге,ін аңдарға не үшін керек?(суықтан қорғану, азық- қорын жинау, жауларынан қорғану үшін)
•    Балалар біз ой-пікірімізді не арқылы білдірдік.(Тіл) – Дұрыс айтасыңдар,тіл қарым-қатынас құралы екен.
Ендеше біз «Тіл» аялдамасына да келіп жетіппіз.Қазір мен сіздерге «Ін» мәтінін мәнерлеп оқимын,сіздер зер салып,мұқият тыңдаңыздар.
•    Мәтін қалай аталады?
•    Аңдар қайда мекендейді?
•    Қоректерін қайда сақтайды?
•    Қыста борсық пен суыр не істейді?
•    Індерін не істейді?
•    Індерді тағы нелер пайдаланады?
•    Інде тағы не істейді?
Оқушыларға іштей,сонан соң тізбектей оқыту.
•    Өте жақсы,енді кішкене бойымызды сергітіп ойын онайық. .Жоғалған әріпті тап: т…л, т…с, т…қ …н…, …с…, …р… . (хормен оқыту)
•    Енді осы сөздерді дәптерімізді ашып ,жазайық.
•    Өте жақсы,енді сол сөздердің астына кітап, ерлік сөздерін жазып, дыбыстық талдау жасай қойыңыздар. (2-3 балаға оқыту)
Сергіту жаттығу. Жаздық,жаздық бәріміз,
Шаршап қалды қолымыз,
Аз ғана дем алайық
Сосын қайта жазайық.
•    Шығармашылық тапсырма: іс – іс – іс,
Аппақ екен тіс
іл – іл –іл
Сөйле қызыл тіл
•    Біз бүгінгі сабағымызда аңдардың індері туралы көп мағлұмат алдық.
Қазір қай аңның қайда мекендейтінін тауып көрейік.Тақтаға плакат ілінеді.Ол үшін көп нүктенің орнына керекті сөзді табуымыз керек.
… ішік, … кілем, … етік.
4. Жаңа сабақты қорыту.
- Қандай мәтінмен таныстық?
- Ін не үшін керек екен?
- Мәтін неше сөйлемнен құралған?
- І – дыбысы қандай дыбыс?
- Мысалдар келтірейік?
5. Бағалау.
6. Үйге: «Ін» мәтінін оқу,мазмұнын айту. Кім? Не істеді? Қандай? Сұрақтарына жауап беру.
Балалар,бірлік,білім,тіл,кітап,ерлік сөздері өте қастерлі,қасиетті сөздер.
Осы қасиетті сөздер сендердің серіктерің ,достарың болсын.
•    Бүгінгі көңіл күйіміз қандай болды? (көтеріңкі)
Күлімдеп күн бүгін қарады маған да,
Күлімдеп күн бүгін қарады саған да,
Шуақпен нұр төгіп,
Ккөңілді кетті көтеріп.
-Рахмет балалар, сау болыңыздар.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 1845 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]