Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Геометриялық пішіндер
16:56
Геометриялық пішіндер

Солтүстік Қазақстан облысы 
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы 
«Жаманшұбар негізігі мектебі» КММ
Тасанова Баян Ашуовна 
Мектеп алды даярлық тәрбиешісі 

Сабақтың тақырыбы:
               Геометриялық  пішіндер                          
Мақсаты:  Балаларды  геометриялық пішіндер мен  таныстыру.
Пішіндердің  мағынасын  түсіндіріп  оларды  бір−бірінен  ажырата  білуге  үйрету.

1)    Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін,  формасын тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар ойнату.
2)    Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін,байқампыздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігіненталдау жасауға үйрету.
3)    Тәрбиелік: Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, денсаулық шараларын дамыту.

Сабақтың түрі: Қайталау.

Әдіс−тәсілдері:  Сұрақ−жауап, көрініс, ертегі кейіпкерлерін жандандыру.

Қажетті−құрал жабдықтар: Магнитті тақта, геометриялық пішіндер.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, дене шыңықтыру, математика, семсорлық тәрбие.

Сабақ барысы:  1) Ұйымдастыру.
                                 Шаттық шеңбер.
                                 Қуанамын менде,
                                 Қуанасын сенде
                                 Қуанайық достарым,
                                 Арайлап атқан күнге!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде сенсорика сабағы. Өткен жолы        геометриялық пішіндермен таныстық.
    Бәрін қайталау сабағы. Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.
                  ( бауырсақ келеді, музыкалық әуен ойналады).
Бауырсақ сөзі:   Менің атым бауырсақ.
                              Қаймаққа иледі, майға пісірді.
                              Мен атадан, әжеден кеттім.
                              Тыңдамадым атамды
                              Тыңдамадым әжемді
                              Үйімді мен сағындым 
                              Көмектесші балақай.

Тәрбиеші: Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?
Балалар:   Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.
Тәрбиеші:  Бауырсақтың түсі қандай?
− Сары.
Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?
−Дөңгелек.       

Қоян: Ой, ненің тәтті иісі шығып тұр. Бауырсақ жүр екен ғой осында.
−    Балалар менің тұратын үйім жоқ.
Тәрбиеші: Біз саған көмектестік. Мынау геометриялық пішіндер.
Балалар мынау қандай пішіндер, сендер білесіңдер ме?
Балалар: Төртбұрыш  ( оның төрт бұрышы бар). 
Балалар мынау үшбұрыш ( оның үш бұрышы бар).
Мынау шеңбер (ол домалақ болады)    
Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі.

Қоян: Балалар сендерге көп−көп рахмет. Менің  енді үйім болатын болды. Рахмет мен енді өз жөнімен кетейін.

Тәрбиеші: Қоян кеткен сияқты еді ғой. Ненің даусы шығып жатыр.
       (Аю келеді музыка ойналады).
Аю: Ой мында балалар отыр ғой. Бауырсақ сенде осыңда жүрсің бе?
Бауырсақ: Иә мен балаларға қонаққа келдім. Сенің неге көңіл күйің жоқ. 
Аю: Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Ойнайын десем, ойнамайды. 
Тәрбиеші: Балалар онда біз аю мен ойын ойнайық. Аю сен қандай ойын әкелдің?

Ойын: Доптарды қораптың ішіне шашып. Үлкен допты үлкен қорапқа, кіші допты кіші қорапқа жинау.
Аю: Рахмет, балалар  мен енді кетейін.

Сергіту сәті:  Орнымыздан тұрайық
                         Алақанды ұрайық
                         Бір отырып, бір тұрып
                         Біз тұңығып алайық.
Бауырсақ: Балалар мен сендермен геометриялық пішіндерден құрылғын екі « Денсаулық жолдарымен» жүрейік. « аяқ табанының массажы»
Тапсырма:          Түс пен пішінді ажырата білу.
                              Сары шеңберге секір.
                              Қызыл төртбұрышқа аяқ қой.
                              Көк ұшбұрышты атта.
Түлкі:  Қандай қызық ойын.
Бауырсақ маған да үйретші (бірге жасайды).

Бауырсақ:  Түлкі менг балалардан көп нәрсені үйреніп алдым.
Сен бізді бір сынап көрші.

Тәрбиеші:  Ал, балалар түлкіге тақпақ айтып берейікші.

Арман:   Бала, бала балапан
                 Кәне қайсы алақан
                 Саусақтары  әйбат
                 Былай, былай ойнат.

Ақбота:   Төртбұрышты қолданып,
                  Ұшбұрыш қолданып
                  Көрпешені жасаймын
                  Әдемісін ішінен
                  Қуыршаққа сыйлаймын.

Сабыржан: Отан  менің  − жан анам,
                      Отан менің −  жан әкем.
                      Отаным деп шаттанам 
                      Отаным  деп әлденем.
                          
Ернар:    Ойыншақтар қандай, қандай
                 Қызыл, жасыл, сары, қоңыр.
                 Түрлі – түсті түстері
                 Көз тартады өздері.

Сырымбет:   Мен бақшаға келемін
                      Күнде қалмай жүремін
                      Ұйықтаймын, ойнаймын,
                      Мен сабақтан қалмаймын.
Түлкі:  Бәрекелді балалар. Өте өнерлі  балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын.

Бекіту: − Балалар бүгін біз сабақта немен таныстық?
−    Ең бірінші қоянға көмектестік.
−    Біз геометрилық пішіндерден үй, бауырсақ жасадық.
−    Аю мен ойнадық
Денсаулық жолмен жүрдік
Түлкіге тақпақ айтық.
       Рефлексия: (балалардың сабақтан қанағаттандыруын біліп тану, алған әсерін түсі арқылы білдіру). Музыкалық әуенмен тақтадағы сары күн мен қара көк бұлттардан балалардың көңіл − күйін білдіретін таңдатып қонақтарға сыйлықтар беру.
Тәрбиеші:  Балалардың ашық  түсті, сары күнді таңдадық. Өз көңіл – күйлерінен алған сабақтың  әсерін байқаттыңдар. Біздің сабақ  өте  қызықты, әсерлі болды. Олай болса біз  бауырсақты атасы мен әжесіне апарайық. 
                             

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 2969 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]