Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Гүлдер біздің сәніміз
15:16
Гүлдер біздің сәніміз


Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылы «Ақбота» балабақшасы
 2 сәбилер «Қошақан» тобының тәрбиешісі 
Қошақпаева Назыгуль Сундетханқызы 
07.01.1977 ж Қапшағай қаласында туылған 
Білімі: жоғары ЖМПУ 1999 ж.
Пед.өтілі: 18 жыл
Тақырыбы:  «Гүлдер  біздің  сәніміз»

Мақсаты: Гүлдердің  түрлерімен  таныстыру Гүлдердің  түр – түстерін  ажырата  білуге  баулу. Өсімдіктерді күту  ережелерімен  таныстыру. Түстер  туралы  ұғымын  бекіту, түстердің  атын  білуге  машықтандыру. Сөздік  қорын  молайту, тілдік  белсенділік  қызметін  арттыру. Гүлдердің  түр – түстерін  есте  сақтау, қабылдау, ойлау  сезімдерін  дамыту. Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайыннан тәрбиелеу. 
Жаңа  сөздер: қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл, «жеті қазына».
Көрнекі  құралдар: экран-проэкторға салыған  гүлдердің  суреттері, қойылған  бөлме  гүлдері, қиылған  гүлдердің суреттері.
Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақ  барысы: Балалар  жарты  шеңбер  болып  тұрып, бір- біріне  күлімдеп, келген  қонақтармен  амандасады.
Балалар: Білер  қазақ  баласы
                  «Сәлем»-  сөздің  анасы
                  Алдымыздан  кезіккен
                  Көп  танысты  көреміз
                  Бәріне  де  ізетпен
                  Біздер  сәлем  береміз
Тәрбиеші: Балалар,  келіңдер  шеңбер  болып  отырайық, бәріміз  көзімізді  жұмып, әуенді  тыңдайық. Осы  кезде  гүлдердің  киімдерін  киген  қыздар  келеді. Балалар  орындарынан  тұрып,  орындыққа  отырады. Олай  болса  мен  сендерді  гүлдермен  таныстырайын.
   


Бәйшешек:  Бес  дегенім  бәйшешек
( Меруерт)   Бірінші  гүлі  көктемнің
    Бәйшешекті  оятар
    Баяулап түртіп, көктен  нұр.
Түймедақ:  Түймедейін  сары  дақ  ортасында,
( Анеля)     Тарала  өскен  ақ  гүлі  бар  қасында
    «Түймедақ»  деп  аталып  кеткен  екен,
    Түймеге  ұқсас  сол  дақтың  арқасында.
Қызғалдақ: Қырқалардың  төрінен
( Айнамкөз)Лаулап  көзге  ұрады
     Қызғалдақтар  өңірді
    Қып- қызыл  ғып  тұрады
    Лалагүл:  Лаулап  оттай  шілде  айында лалагүл,
( Айғаным)  Лала  гүлмен  құлпырады  дала  бір
    Ләззат  алмау  мүмкін  болмас  көркінен
    Лалагүл  де өзгеше  әсем, дара  гүл  
Күнбағыс: Көк  төсінде  алтын  күн
( Нұрай)     Көрінгенмен  мұнша  алыс
                     Келеді  одан  көз  алмай    
                     Кербез  сұлу  күнбағыс
Раушангүл: Әдемімін, менен  қай  гүл  аса  алған
( Жансая)     Әуелден  -ақ  «Гүл патшасы»  атанғам
    Әсемдік  пен  хош  иістен  нәр  алдым 
    Әлемнің  көп  жерлеріне  таралғам
Бақытгүл:  Бұл  әсем гүл күзде, ұзақ  гүлдейді
( Ақниет)    Басқа  гүлдей  шілдеде өмір  сүрмейді
                     Бір  мереке  бар  жапондар  елінде
                     Бақытгүлі  тұрады  оның  төрінде
Сергіту  сәті: Жайқалады  ағаштар,
                            Бетімізге  жел  еседі,
                            Кіп- кішкентай  балалар,
                             Үп- үлкен  болып  өседі.
                            Біз  гүлдерше  өсеміз 
                            Жапырағы  жайқалған
                            Сабақтары  салалы,
                            Желмен  бірге жайқалған    
           
Жарайсыңдар  балалар!  Балалар  орындыққа  отырады.
Ойын: «Жеті  қазына»
Шарты: Қоржыннан  түрлі- түске  боялған  асықтарды, балалар  бір-  бірден  шығып, алады.  Қандай  түсті  алса  тура  сол  түсті  гүлдің  шоғырын  алып, оның  ішіндегі  суретін  атап  әңгімелейді.
Әңгімелеп  болған  соң, тақтаға  іледі.
Тәрбиеші:  Балалар  бәріміз  енді  мына  үлкен  теледидарға  қарайық. «Түстерді үйренеміз»  атты  слайдқа  қарайық.
Қыздардың  орындауында  «Гүлдер»  биі.
Балалардың  шығармашылық  жұмысы  «Меруерт гүлін»  жапсыру.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 4376 | Добавил: Admin | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]