Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 20 » Ертеңгілік Отан қорғаушылар күніне
01:20
Ертеңгілік Отан қорғаушылар күніне

Әскер – әліміз, армия- абройымыз!

 
Жүргізуші:   7- мамыр- Қазақстан Отан қроғаушылар  күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекміздің өзіндік сыры жетерлік. 
Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.Сонымен бірге ең жарқын ,ең үлкен мереке Жеңіс күні келе жатыр. Біздің аталарымыз  біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қандары қалғанша шайқасып, бейбіт өміріміздің аяқ басқанына 66 жыл толды . Құрметті аталар мен әкелер барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Жүргізуші:                    Арыстандай айбаттым,
        Жолбарыстай қайраттым,
        Аспандағы байрақтым,
        Қанша жұлдыз жайнаттың,
        Қанша бұлбұл сайраттың
        Қазақстан ардақтым! дей отырып сіздердің назарларыңызға «Әскер – әліміз, армия- абройымыз!» атты ертеңгілігімізді ұсынамыз

Залға Б. Мукаманов  «Десант» әнімен ұл балалар саппен кіріп  әскери қимылдар жасайды.
Қыздар орындарынан тұрып балалардың әкелеріне жасаған сыйлықтарын береді.

Жүргізуші: Құрметті аталар, ағалар, әкелер сіздердің мерекелеріңізге жасаған балаларымыздың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Құрметті болашақ Отан қорғаушы ұландарымыз біздің Қазақстанымыздың  Отан қорғаушы  күшіміз қандай болу керек кәне экранға көңіл бөлейік.

Жүргізуші: Көрдіңдер ме балалар Отан қорғаушылар дегеніміз кімдер екен. Ертен сендерде өсесіңдер, азамат боласыңдар, болашақ Отан қорғаушылар сендерсіңдер.

Жүргізуші: Ел қорғайтын, ер ағалар-
                        Ардағымыз, арымыз.
                        Ерлер тойын, елдің тойын,
                        Бәрі: Қарсы аламыз бәріміз!

Ән: «Жеңіс күні»
    Ал, енді достар, мерекемен құттықтауға келген жас ұландарға кезек берейік!
1 – бала:      Тапталмайтын түнгі ізі,
Сақшысы болам Отанның
Жарқырап жанған жұлдызы
Келеді ұлан атанғым.

2 – бала:  Туған жердің әр тасы
                 Маған ыстық қашаннан.
                 Бұйраланған аршасы;
                 Қорғайтын - ер боламын.

3 - бала:   Тапталмайтын түнгі ізі,
                 Ұланы болам Отанның
                 Жарқырап жанған жұлдызы,
                 Жалғаймын жолын Ағаның!


4- бала:  Ей жігіттер!
        Сендерге артар міндет көп.
        Көтер биік ата салтын құрметтеп
        Ақтай білсең ата-баба үмітін
        Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.


5– бала:  Буырқанып тұрса да барша маңым,
        Ақ сұңқардай дауылға қарсы ағамын.
        Қиындықты алмастай қиып өтіп, 
Бәрі:       “Жаса, Бейбітшілік! – деп жар саламын. 


Жүргізуші:  Ағалар саптан шықпасын, 
 Аналар қабақ шытпасын, 
 Бақытқа жетіп бар адам, 
 Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отырып,  –дей отырып біздің қыздардың орындауында «Ақ көгершін» биін тамашалаңыздар 

Би: «Ақ көгершін»

Жүргізуші: Бәрекелді, қыздар! Ұлдарымыз демалып қалды ғой деймін , олай болса «Кім тез қимылдайды» ойын ойнайық.
Ортаға 2- бала шығады. 
Ойынның шарты: жерге жатып, қолын тіреп жоғары тартылу(отжимание)   
Жүргізуші: Енді тағыда бір ойынның кезегі келіп тұр. 
«Кімнің әкесі күшті»
Ортаға екі әкелер шығады
Ойынның шарты: Баласын иығына отырғызып отырып – тұру.

Жүргізуші: Сіздерге көп- көп рахмет ертеңгңлңгңмңздң ары – қарай жалғастырайық . Ендігі кезекте  викториналық сұрақтар.

1.    Біз қай Республикада тұрамыз?- Қазақстан
2.    Бас қаламыз қай қала?- Астана
3.    Рәміздерімізді кім біледі?
4.    Тудың ортасында не бейнеленген және авторы кім?
5.    Біздің гимнің авторлары кім?
6.    Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.(Әскери ант)
7.    Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган.(Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
8.    Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді?                                                   (Аға офицерлер)
9.    Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ. (Прапорщик)

           Балалар мен әкелердің жауабын анықтау. 

 
Жүргізуші:     Ал, енді қонақтар біздің қазақ халқында нақыл сөздер бар, ол сөздер жігіттерге де арналған екен, Біздің қыздар ұлдарымыз ақылды болу үшін дайындаған «Жігіттің тоғыз жауы » атты ескертпелерін тыңдаңыздар.  

Жігіттің тоғыз жауы?

    1.           Басты  жауың жалқаулық,
            Сорлататын жаныңды.
            
        2. Осалдығың аңқаулық,
            Соқтыратын саныңды.

        3. Жасқаншақ болсаң ұры алар,
            Қоралап қойған малыңды.

        4. Жалатқызбас жасықтық,
            Аузыңдағы балыңды.
    
        5. Өтірік айтсаң өңмеңдеп,
            Жоғалтасың арыңды.

        6. Өсек терсең телмеңдеп,
            Жоғалтасың арыңды.

        7. Көпірме босқа мақтан қып
            Түкке тұрмас барыңды.


        8. Көрінгенге жалтақтап,
            Бола алмайсың жағымды.

        9. Біреуді алдап арбаумен,
            Аша алмайсың бағыңды.

Жүргізуші:   Қыран-бүркіт көтерер 
                       ердің нарқын,
               Қыран жігіт асырар 
                       елдің даңқын!-
демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

Ұлдарымыздың орындауында «Моряктар» биі

Жүргізуші: Ойын «Сенің қызым ең сұлу»
Келесі ойынға қыздарымыздың әкелерін шақырамыз.
Ойынның шарты:1. Қыздардың көзін байлап әкелерін таптыру
2 Ертеңгісін қыздарыңызды киіндіріп, шаштарын жинап   
 балабақшаға алып келу

Жүргізуші:      Балақаймын бүгін мен,
                        Кіп-кішкентай баламын.
                        Ертең менде өскенде,
                        Ел қорғауға барамын.дей отырып жас ұландарымызды тағы  бір ортаға шақырамыз.

6- бала:      Мен қазақпын, ұланымын елімнің
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерер
Болашаққа алға бастап жетелер
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер
    

7- бала:       Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар

8- бала:       Міне, осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

 


9- бала:       Бұл – гүлденіп жайнаған,
Гүлстандар Отаны!
Бірін–бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны!

10- бала :    Бұл – ғажайып мұратты
Халықтардың Отаны!
Алтын заман құратын
Алыптардың Отаны!

11- бала:     Сол алыптың бірімін – 
Отанымның ұлымын!

Жүргізуші:  «Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары, 
                     Жігер менен құштарлықтың құралы, 
                     Күрескердің арманы мен ұраны 
                      Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Ендігі кезекте тамашалайтындарыңыз би «Катюша»


Жүргізуші:       Жүреміз даңқты жолдармен,
                        Қырандар бірге самғаған.
                     Әзірге титтай болғанмен
                        Ертеңгі ел қорғаны – мен болам!

Ән «Отан деген атамекен»

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 1192 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]