Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Ел Ордасы – Астана
01:41
Ел Ордасы – Астана

№3  Қарауылкелді орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
ТІЛ  ДАМЫТУ
Мектепалды  даярлық тобы
Өткізген: Қожабаева Айнур.
2013-2014 оқу жылы.

Білім  саласы:      Қатынас
Оқу  іс-әрекетінің  түрі:     Тіл дамыту
Тақырыбы:         Елордамыз – Астана
Мақсаты:     Оқушыларға Елордамыз Астана жайлы түсінік беру, Тұңғыш президенті күні жайлы әңгімелеу, Президентіміз жайлы түсінік беру, Астанаға саяхат жасау арқылы астананың көрнекті жерлерімен таныстыру.  Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. 
Әдістері:  Слайдпен жұмыс, көрнекілік, дәптермен жұмыс, сұрақ-жауап.
Барысы:   І. Ұйымдастыру бөлімі.
                 Амандасу.      Шаттық шеңбері.
Қуанамын менде, қуанасың сен де.
Қуанайық достарым, арайлап
атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.
Бәріңе сәттілік тілеймін!
            ІІ. Негізгі бөлім.
            Біздің Отанымыз – Қазақстан. Біз қазақ деген ұлтпыз. Біздің президентіміз – Н.Ә.Назарбаев.  Еліміздің астанасы – Астана қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағы қала халқы денмалатын жағажайға айналды. Бәйретек – Астананың символы. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы  ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ.
     Енді балалар, астанаға саяхат жасаймыз: астананың көрнекті жерлерімен танысамыз: 
-    Мынау парламент үйі. 
-    Мынау бәйтерек.
-    Мынау жабық футбол стадионы.
-    Мынау конькимен сырғанау жабық стадионы.
-    Республикалық велотрек.
-    Мынау НұрАстана мешіті.
-    Мынау Пирамида.
Енді балалар, Астана туралы білетін тақпақтарыңды айтыңдаршы:
-    Балалардың астанаға тартуы. Тақпақ айту.
         Диас:
Астана арман, қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
       Аяулым:
Төкті оған нұрын дала,
Астана сұлу қала,
Біз оны анамыздай,
Сүйеміз шынында да.
       Әсемай:
Ел намысы – Нұр Аға,
Жер ырысы – қыр дала,
Су шынысы – зер мұнай,
Тау тынысы – гүл лала.
      Ақнұр:
Сарыарқа кең дала,
Сенсіз жетім мен бала.
Самұрықтай киелі,
Сен – Бәйтерек, сен – Ана!
      Нұрислам:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.   
     Дидактикалық ойын. 
 «Ойлан тап». Шарты:  А,с,т,а,н,а  мына дыбыстардан басталатын сөз ойлау.. 
Мыс: а – алма, ана...
   Сергіту сәтін орындау.
ІІІ.  Қорытынды бөлім.  
 Сұрақ-жауап.    
Қорыту.    
Мадақтау. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 3750 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]