Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 20 » БІЗ БАЛАМЫЗ ШЫНЫҚҚАН-ДЕНСАУЛЫҒЫ МЫҚТЫ ЖАН
01:52
БІЗ БАЛАМЫЗ ШЫНЫҚҚАН-ДЕНСАУЛЫҒЫ МЫҚТЫ ЖАН

ТАҚЫРЫБЫ: «БІЗ БАЛАМЫЗ ШЫНЫҚҚАН                           ДЕНСАУЛЫҒЫ МЫҚТЫ ЖАН»

                                   

Мақсаты: Балалардың дене мүшесінің сұлулығын қалыптастыру, қимыл-қозғалысын үйлесімділігін, дене қуатын жетілдіру, балалардың денсаулығын нығайту және сақтау, аураларға қарсы тұру, иммунитеттерін барынша кеңейту, омыртқа, табан бұлшық еттерін жетілдіру.
Құралдар: Кілемшелер, тұз жолына арналған тақтайшалар ұзындығы 2 метр, кенеп мата, ұсақ тастар салынған қапшықтар.
                  Үнтаспадан жәй музыка ойнап тұрады.Балаларды күндізгі ұйқыдан ояту.
Тәрбиеші: Балалар, күннің көзі әлдеқашан өзінің нұрын шашып тұр. Сіздер, біраз біраз демалдыңыздар, енді ұйқыдан оянуларың керек. Кәне, барлығымыз ұйқымызды ашайық, ол үшін мынадай сергіту жаттығуын жасайық.
1.    «Күнге созылу» 
Б.қ. Шалқамыздан жатқан күйде, 1қолымызды жоғары қарай созамыз, ақша бұлтты ұстап алдық-деп сәйкес қимыл жасау, 2 б.қ. келу.
2. «Аққу-қаздар»
Б.қ. Шалқамыыздан жатқан күйде 1 басымызды оңға, 2 басымызды солға 
              Аққу – қаздар ұшты
              Бастарын былай қозғалтты
              Бір, екі, үш, -бір, екі, үш
              Біздер қандай күштіміз

 

3.«Велосипед тебеміз»
Б.қ. Шалқамыздан жатқан күйде, 
1 екі  аяғымызды кезек-кезек велосипед дөңгелегін айналдырған секілді қимыл-әрекет жасаймыз.
Тыныс алу жаттығулары.
1.    «Самаурын үрлеу»
1 Мұрын арқылы тыныс алып, дем шығармай 3-4 секунд ұстап, ауаны ауыз арқылы үрлейміз (3-4 рет)
2. «Шайды суыту»
1 Екі қолды біріктіре ұстап, кеседегі шайды суытып тұрғандай қимыл көрсету, шайды үрлеп суытамыз (3-4 рет)
«Тұзбен шынықтыру». «Тұз жолы»
Тұзбен шынықтыру арнаулы тұзды су сіңірілген жолмен жолаяқ жүргізу арқылы іске асырылады.

 
Еденге бір-бірінен арақашықтығы 10-40см болатын, ені 25-30см, ұзындығы 2метр екі тақтайшаны қоямыз. Біреуіне резеңке жауып, оның үстіне тұзды суға малынған кенеп төселеді. 5 литр шым-шым ыстық суға 1кг тұз салынады. Екінші тақтайдың жартысына дейін құрғақ кенеп жауып, қалған жартысына арасына ұсақ тастар салып, тігілген қапшық төселеді. Балаларды алдымен тұзды су сіңірілген тақтайдың үстімен екі аяғын бір-біріне тигізе көлденең басып, жүріп шығуын қадағалап тұрамыз. Екінші тақтайшаға өтерде ара қашықтығы 10см-деп аспау керек. Құрғақ кенепке 10-ға дейін табандарын 10 рет үйкелей сүртіп, ұсақ тас салынған қапшықтың үстін өкшесімен басып жүріп өтеді.
 
Тәрбиеші: Балалар, біздің дене мүсініміз әдемі болу үшін, деніміз сау болу үшін, тек сауықтыру шараларын ғана емес, сонымен қатар дәрумендер де қажет.
Бүгін бізге шыныққан балалар қонаққа келіп қалыпты. Олар тыңдап көрелік.
1бала:  Дәрумен бар жемісте де ,шөпте де
            Дәрумен бар таза ауа мен суда да
            Дәруменді өлшеуі жоқ, көп деме
            Дәрумен ғой, суды төгіп ластама!
2бала:  Сәби шақтан бастап біз
            Шынығуды сүйеміз
            Ашық күнмен достасып
            Жалаң аяқ жүреміз
            Қыста, жазда әрдайым
            Ауырмаймыз бәріміз
            Шынықтыру жасап біз, 
             Мықты болып өсеміз.
Тәрбиеші: Бұл қонақтар бізге бос қол келмеген, сіздерге дәрумендер мен неше түрлі дәрумені бар шшөптер де ала келген. Рахмет сіздерге балалар. Бұл дәрумендерді біз күнделікті бақшамызда пайдаланатын боламыз. Денсаулығымыз жақсы болу үшін тек қана сауықтыру шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар дәрумендерді күнделікті ас мәзірінде дұрыс пайдаланып, көптеген шөптерден фито шай ішіп тұрғанымыз пайдалы.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 3146 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]