Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 20 » Білімді, өнерлі баламыз
00:41
Білімді, өнерлі баламыз

Сабақтың мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау, 

                                 білгендерін ортаға салуып қорытындылау.
                                  Берілген тапсырманы өз беттерімен  орындап, 
                                  жауыпкершілікті  сезінуді тәрбиелеу.
Сабақты ұйымдастыру: 
                                    Таңғы шеңбер
                           Кел, балалар, күлейік!
                           Күлкіменен түлейік!
                           Қабақ түйген не керек?
                           Көңілді боп жүрейік!

Балалар орындарына отырады. Есік қағылып қонақ келеді.

Т:- Балалар, бізге бүгін қонаққа үлпілдек келіпті.Қане , амандасып алайық.
-Саламатсыз ба,Үлпілдек?
-Саламатсыздар ма, балалар?Мен сендер мектепке дайындалып жатыр дегесін көмек сұрай келдім.Көмектесе аласыздар ма?
-
Ү: -Мен де оқушы болғым келеді, сол үшін мектепке барып едім мені  
        мектепке қабылдамады.
Т-Балалар, Үлпілдекті неге мектепке қабылдамады екен? Қалай ойлайсыздар?
Б:-
Ү:-Маған тапсырмалар беріп еді , ол тапсырмаларды білімді , өнерлі сіздерге  алып келдім.
Т: -Балалар, Үлпілдектің тапсырмаларын орындауға дайынсыздар ма?
Б: -
Ү: -Балалар , сендер қандай сабақтар оқыдыңдар?
Б: -Ү: -Олай болса, бірінші тапсырма:  сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиетке байланысты болмақ.
    
1-тапсырма.    Балдырған сөзі тақтаға ілінеді.
•    Тақтага ілінген сөзді оқып шық.
•    Дыбыстық талдау жаса.
•    Осы сөздегі әріптерді пайдаланып,сөздер құра.
•    Балдырған б/б туралы көркем сөздер.
2-тапсырма. Тақтаға «ШИЕ»  ж/е «ДОП» суреттері ілінеді.
•    Сөздерді жаздыру, буынға бөлдіру.
•    Осы екі сөзге сөйлем ойлату.
•    Сызбаға түсіру.  (Сөйлем бас әріппен басталып, нүктемен аяқталады.)
•    «ШИЕ», « ДОП» туралы өлең жолдары.
Балалар Үлпілдекке арнап тақпақ оқиды.
Сергіту сәті: Мысығым –ау, мысығым.
                      Бетін жуған пысығым.
                      Піш-піш десем келе ғой,
                      Мияу деп дыбыс бере ғой.
Ү: -Балалар , сендерге көп-көп рахмет! Сауат ашу, тіл дамыту, көркем әдебиет дегендерді енді түсіндім. Ал, сендер математика сабағына қалайсыңдар? 

3-тапсырма. Математика.
•    Ауладағы жануарлар мен құстарды санап, мысалдарды орында.
•    Ананасты кемелерге орналастыр.
•    Көбелектерге көмектес.

Ү:- Тамаша, балалар! Жарайсыңдар!
      Тағы қандай өнерлерің бар?
Т :  -Үлпілдек, балалар сурет салып, жапсыру тәсілдерін жақсы меңгергеді.

4-тапсырма: Жапсыру ж/е сурет. 
                                          «КӨКТЕМГІ ТАБИҒАТ»
Жұмыс соңында балалар «ОТАН» «ТУҒАН ЖЕР» туралы мақал-мәтел айтып, жасаған жұмыстары туралы әңгімелейді.

Үлпілдек қуанып ,балаларға  «Рахмет!» айтып, мектепке асығыс кетеді. 

Сабақты қорытындылау.  

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 1760 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]