Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Бала жанұя айнасы
17:23
Бала жанұя айнасы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Балдәурен» балабақшасы
Құсайнова Сәуле

Бала жанұя айнасы

               Халық педологикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып , жүргізуді талап етеді. Мәселен «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара  он бес жасқа дейін қосшыңдай сана , он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала » деген мәтел еркін тәрбиелеудің үмітпен қараудың , ақылшым деп санаудың қажеттігін меңзейді. Халық педагогикасы тәрбие ісінде әр баланың жеке бас ерекшелігін ескере отыруды ескертеді. Осыны құптаған бабамыз мынандай мақал-мәтелдер арқылы баяндаған . «Бір биеден ала да туады , құлада туады балаға үміт әкенің парызы , ақтау баланың парызы, деп ой түйіндейміз. Бала тәрбиесі туған өскен ортасы ата-ананың от басы үлкендердің ұстаздың үмітіне байланысты деп есептеген .Ж. Аймауытовтың «Тәрбие» атты көлемді мақаласында «адам мінезінің ақыл-қайраттың әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан» деп алдымен бала тәрбиесіне отпасының орнына ерекше тоқталып «Баланы бұзуға яғни түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнінде көрген өнеге , Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ана тәрбиесінін күштілігін көрсетеді , дей келе , автор бала мінезін қалыптастырудағы жанұя мүшелерімен әке шешенің ықпалын алып береді. Бала мінезін жас шыбыққа теңейді.А.С.Макаренко «Бұл семьялық тәрбиенің дұрыс жолы.Бала тәрбиесін ұқыптылыққа үйрету үшін жазалауды қолдауға тура келеді. Рас жақсы семьяда жазалау деген болмайды. Семья тәрбиесінің осындай қоғамдық адамгершілік бағытта болуы баланы өнегелі өсуге үйретеді , білім алуға жағдай жасайды дейді.Семьяларда ата-аналар өзінің жауапкершілігін сезіне бермейді. Балалардың тәрбиесіне салақ қарайды мектептегі, үйдегі қоғамдық орындардағы мінез құлқының зерттеулерінен көптеген кемшіліктер кездеседі. Бала мінез құлқын  қалыптастырудың негізгі көздерінің бірі жанұядағы еңбек тәрбиесі. Жанұя мүшелері еңбек іс әрекетін орындауда тең құқылы өзінін қабілетіне жас ерекшелігіне қарай қызмет етуі керек. Баланы еңбек тәрбиесі күн режимі педогогикалық талаптарға сай болуы керек. Кейбір ата-аналар берілген тапсырманы орындалуына көңіл бөлмейді . Осының нәтижесінде бала бойында біріңғай нақтылық , талаптық жоқтығы байқалады.Баланың мінез құлқын қалыптастыруда мақұлдау, мадақтау тәсілдерін қолданған тиімді. Ата-ана баласының ерекшеліктерін жете білмей артық мақтау әрекетін жасайды. Осының нәтижесінде бала бойынан жағымсыз мінез- құлықтар толы болады.Тәкапарлық, доңдайсынды қасиеттер қалыптасады. Ата – ана баласының дұрыс істемеген іс – әрекетін түсіндіруге тырысады. Мысалы: бала берілген тапсырмалардан бас тартса ата – анасы оны қыңыр деп есептейді. Балалардың мінез – құлқындағы кейбір ерекшеліктеріне  ата – аналардың қарым қатынасының әсері зор.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы жобалар | Просмотров: 1280 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]