Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 20 » Бала-бақшаға 100 күн
16:40
Бала-бақшаға 100 күн

Сабақтың тақырыбы: Бала-бақшаға 100 күн.

Сабақтың мақсаты: Балалардың 100 күн ішінде өткен сабақтар мен тәрбие шараларын «Бауырсақ» ертегісі желісімен жүргізіп, бала бойына сіңірген білімдерін тиянақтау.
Сабақтың барысы: 
(Сахнада орман бейнесі бейнеленген. Ортаға ұш саңырауқұлақ шығады).
                                                                           Бала-бақша  есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз. 
Бұл-екінші үйіміз,
Біз туғанбыз бәріміз.
                  Біз - осы үйдің гүліміз, 
                  Біз  - осы үйдің сәніміз.
                  Бұл – құшағы тым ыстық,
                  Мектебіміз бастапқы!
                  Бұнда жақын туыстық,
                   Бұнда тұңғыш дос таптық!
                                      Тағы, тағы, тағы да,
                                       Бала-бақша көбейсін.
                                      Анамыздың бағына,
                                                                              Бәрі де бар дегейсің!
(Саңырауқұлақтар тақпақтарын айтып болып, шырша жанына отыра қалады). 
Жүргізуші: 
- Баяғы өткен заманда апа мен атаның пісіріп қойған бауырсағы орманға қарай қашып кетіпті. Қашып, домалап келе жатып, бауысақ үш саңырауқұлақты көріп, шошып кетеді. 
Бауырсақ:
- Ой, сендер кімсіңдер?
Саңырауқұлақ:
- Біз саңырауқұлақпыз.
Бауырсақ:
- Сендер нешеусіңдер?
Саңырауқұлақ:
- Сен  санау білмейсің бе?
Бауырсақ:
- Жоқ.
Саңырауқұлақ:
- Онда саған санап үйретейік. 1,2,3.
Бауырсақ 1,2,3 деп қайталайды да , әрі қарай домалап кете береді.
Бауырсақ:
-  Мен ападанда қаштым, атадан да қаштым, санауды да үйрендім. (Алдынан қоян шығады).
Қоян:
- Бауырсақ, мен сені жеймін!
Бауырсақ:
- Жемеші, мен саған өзім туралы айтып беремін. Мен Қазақстан жерінде, Абай ауданында тұрамын. (Қоян өз жөніне, бауырсақ өз жөніне кете береді. Бауырсақ шырша артында көрермендерге көрінбей тұрады. Осы кезде саңырауқұлақ киіміндегі бала шығады.) 
- Мен Абай елінде тұрамын. Сіздерде Абайдың «Әсемпаз болма әр неге» өлеңін оқып берейін. 
Әсемпаз болма әр неге, 
Өнерпаз болсаң, арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан. 
(Сахнаға қайтадан бауырсақ шығады). 
Бауырсақ:
- Ападан да қаштым, атадан да қаштым, санауды да білемін. (Осы кезде алдынан аю шығады).
Аю:
- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін. 
Бауырсақ:
- Жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
Аю:
- Сенің өлеңіңді білемін. Одан да мені тыңда. 
Қорбаңдаған аюдың, 
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
 (Аю өз жөніне кетіпті, бауырсақ  домалап келе жатып, алдында келе жатқан кірпіні көреді).
Бауырсақ:
- Ой, сен кімсің?
Кірпі: 
- Мен кірпімін.
Бауырсақ:  Кірпі, кірпі, кірпі, 
                     Үстің толған ине.
                     Бір инені алып, 
                     Қадар едім түйме.
- Кірпі, арқаңдағы не?
Кірпі: 
- Сен білмейсің бе? Бұл бағдаршам. Бағдаршамның үш көзі бар. Қызыл, сары, жасыл.
Қызыл көзін ашқанда,
Қарап қалма, жасқанба.
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда, 
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба. 
- Бауырсақ, сені бұны біліп ал! (Бауырсақ әрі қарай домалап кете береді.)
Бауырсақ:
- Ападан да, атадан да, қояннан да, кірпіден де қаштым. Санауды да білемін 1,2,3, жолда  жүруді де білемін.
(Өзімен өзі сөйлеп келе жатқан бауырсақ тоқтай қалып, жан-жағына қарайды).
- Ой, мен бала-бақшаға келіп қалыппын ғой. Одан да балалардың өнерін тамашалайық. 
Сөйтіп, бауырсақ, бала-бақшаға келіп, балалардың арасына кіріп, балалардың өнерін бірге тамашалайды.
Ән: «Кір басқан қуыршақ»
Орын: Аяулым А. 
Би: «Шөжелерім»
Орын «Топтық»
Ән: «Ойыншықтар»
Орын: Әмина Б.
Хор: «Әй, әй, ата». 
Осымен біздің «Бала-бақшаға 100 күн» атты сабағымыз аяқталды.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 1614 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]