Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Бай баласы мен жарлы баласы
14:47
Бай баласы мен жарлы баласы

Бай баласы мен жарлы баласы                                                                                 

                                               Игиликова Гулжаухар Мейірбекқызы
                                                  Шымкент қаласы №40
                                                         бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Білім бөлімдері: «Тіл дамыту», «Математика» «Бейнелеу өнері»
Мақсаты:Ертегіні сахналай отырып балалардың тілін дамыту,қызықты ойын,логикалық есептерді шығара отырып,ақыл-ой белсенділігін арттыру.Заттардың көлемін,түсін,санын ажыратып,1-ден 10-ға дейін (тура-кері ретпен)санай білу,сөз жұмбақтарды шешіп, түсіп қалған әріптерді орнына дүрыс қоя білу білімдерін бекіту.Балаларды адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Жайлау көрінісі,ребус «Киіз үй»,бетін бұлттар басқан күн,10-ға дейін сандар жазылған балықтар,тапсырмалар жазылған карточкалар.
Әдіс-тәсілдер:Ертегіні сахналау,сұрақ-жауап,ойын,санамақ.
Қажетті заттар:Ұлттық киім киген Асан мен Үсен,асықтар,өзенге көк мата,әр түрлі көлемдегі көпірлер.
Балалар саз әуенімен жарты шеңберге тұрады. 
Тәрбиеші:Балалар сендер өздерің туралы айтуға дайынсыңдар ма?
 Балалар: Дайынбыз 
Мен ақылдымын 
Мен мейірімдімін 
Мен әдемімін 
Мен әдептімін
Тәрбиеші:Сендер әдемі, мейірімді де ақылды балаларсыңдар. Біздің осындай ақжарқын, қайырымды болуымызға не көмектеседі? 
Балалар: Шуағын төккен шапағатты күн! 
Тәрбиеші:Ой балалар күнімізді бұлттар жауып қалыпты.Күніміз жайнап жарқырау үшін  жылы – жылы сөздер айтып күнімізді бұлттардан ашуымыз керек.
Дінислам: Сәнденіп даламыз 
                    Сәулетті қаламыз 
                    Сәулеңмен құлпырды 
                    Сәлем, күн – анамыз 

Әсем Т:       Әлемді жарық қып 
                     Әсемдік дарытып 
                     Бар елді достастыр 
                     Шуақты шашып бір 

Нұртас:     Қуан шаттан, қуан шаттан!
                    Қуанатын күн  бүгін, 
                    Қайырлы таң 
                    Қайырлы күн 
                    Күліп шықсын күн бүгін 

Сауран: 
           Армысың шұғылалы алтын күн
              Армысың мейірімді жер – ана
           Бәріміз күндей жарқырайық
            Бәріміз тату дос болайық
Тәрбиеші:Міне,балалар, сендер жылы сөздер айтқан соң, күніміз жарқырап, өзінің әсем күлкісін сыйлады.
Тәрбиеші:Балалар сендер ертегілер еліне саяхатқа шыққыларың келе ме?
Балалар: Иә 
Тәрбиеші:Онда мына киіз үйдің суретіне назар аударыңдар. Ол жай киіз үй емес, сиқырлы киіз үй. Онда әртүрлі ертегілер жасырынған.
Соны шешсеңдер ертегілер елінің есігі де ашылмақ.  
Сөз жұмбақ «Киіз үй»
(Балалар тауып, түсіп қалған әріптерді орын - орнына қояды. Сонда ертегілер аты шығады) 
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар, дұрыс шештіңдер. Мінеки ертегі елінің есігі де ашылды.Ал балалар, қай ертегіні таңдайсыңдар? 
Балалар: Асан мен Үсен 
Тәрбиеші:Балалар осы ертегіні сахналап көрсетсек қайтеді.Жарайды, онда тыңдаңдар. 
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Асан деген – бай баласы, Үсен деген – жарлы баласы өмір сүріпті. Бір күні Асан мен Үсен асық ойнауға қырға шығып кетіпті
(Асан мен Үсен  асық ойнап отырады) 
Үсен: Жүр, Асан үйге қайтайық кеш болды: - дейді.  
(Саз әуенімен қол ұстасып үйге қайтады)  
Ауылға келсе, ауыл жоқ, көшіп кетіпті. Асан айқай салып, жылай бастайды. 
Үсен ойланып тұрады да былай дейді: 
-Асан, жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды іздеп табайық. 
-Асан: 
-Енді қайдан табамыз, қай жаққа кеткенін де білмейміз ғой.
-Үсен:Жүр жылама,мен бір амалын табармын.
(Үсен Асанды жетектеп алып жүреді)
Тәрбиеші:Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Асан,Үсен: Сәлеметсіздер ме? 
-Тәрбиеші:Балалар, Асан мен Үсенге көмектесеміз бе? 
Балалар: Ия 
Тәрбиеші: Онда, қол ұстасып қатарға тұрыңдар (музыка ырғағымен бір айналып келеді) 
Тәрбиеші: Алдарыңда жол кездеседі екіге  айырылған. 
Мұны көріп Асан: Мына жол екіге  айырылған ғой - деп тағы жылай бастайды. 
Осы кезде айқайлап Мыстан кемпір шығады.
Мыстан:Сендер кімсіңдер? Мұнда не істеп жүрсіңдер?Бұл менің жерім. Бұл жерден өтуге болмайды.
Үсен:Мыстан кемпір бізге көмектесіңізші.Біз асық ойнап жүргенде біздің ауыл көшіп кетіпті.Біз адасып қалдық.
Мыстан кемпір:Жарайды.Көмектессем көмектесейін.Бірақ сендер менің шартымды орындайсыңдар ма?
Үсен:Орындасақ,орындайық: Айта бер. 
Мыстан кемпір: Сендер достық туралы мақал – мәтел білесіңдер ме? 
Балалар: Дос басыңа қарайды, 
Дұшпан аяғыңа қарайды. 

Дұшпан күлдіріп айтады, 
Дос жылатып айтады. 

Жүз теңгең болғанша, 
Жүз досың болсын. 
Күлме досыңа 
Келер басыңа 

Мыстан: Жарайсыңдар, өздерің шеттеріңнен мақалшысыңдар ғой. Өте беріңдер.Ауылдарың мына жуан жолмен жүріп кетті
(Балалар жуан жолмен жүріп кетеді) 
(Алдарына көк мата төселеді, үстінде балықтар, балықтардың үстінде сандар жазылған) 
Тәрбиеші: Балалар бұл не?  
Балалар: Өзен 
Тәрбиеші: Өзенде нелер жүзіп жүр?
Балалар: Балықтар 
Тәрбиеші: Балықтардың түсі қандай? 
Балалар:  Әр түрлі 
Тәрбиеші: Маған қызыл, көк, сары балықтарды көрсетіңдерші? 
(Балалар тәрбиеші айтқан түсті көрсетеді) 
Тәрбиеші: Балықтардың көлемі қандай?
Балалар: Үлкен, кіші, орташа, ұзын, қысқа. 
Тәрбиеші: Балықтарды алып, рет – ретімен қойып беріңдерші? 
(Балалар балықтарды рет – ретімен, бой – бойымен қойып береді) 
Санамақтар айтады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Енді өзеннен қалай өтеміз? 
Балалар: Көпір қоямыз
Тәрбиеші: Қысқа жеріне қысқа көпір, ұзын жеріне ұзын көпір қойып шығыңдар.
«Көпір қою»
 (Балалар көпір қойып, өзеннен өтеді)
(Қаңбақ шал шығады)
Асан:Қаңбақ шал, бізге көмектесіңізші,біз ауылымыздың қайда көшкенін білмей адасып жүрміз.
Қаңбақ шал:Мен сендерге көмектесейін.Бірақ сендер менің шартымды орындайсыңдар.(Қаңбақ шал балаларға тапсырмалар таратады)
1.Арасындағы жоқ санды тап(9..6..3..0)
2.Сандарды ретімен қой
(3,5,2,7,4,9,8,6) ең кіші
3.Сандарды ретімен қой
(1,4,10,3,6,9,7,5,8) ең үлкен
Балалар тапсырмаларды орындайды
Қаңбақ шал:Балалар, мына сөз жұмбақты шешсеңдер,ауылдарыңның қайда көшкенін табасыңдар.
А    Ж    Л    А    Й    У
2    1    4    5    3    6

Балалар сөз жұмбақты шешеді
(Жайлау)
-Қаңбақ шал:Рахмет сендерге, өздерің ақылды әрі тапқыр балалар екенсіңдер.Сендердің ауылдарың жайлауға көшіп кетті.Ал мен кетейін.Жолдарың болсын.
Психологиялық жаттығу
«Өзен жағасында»
Кілемнің үстіне жатып көзін жұмады. 
Тәрбиеші: Судың толқынын, желдің салқын лебін сезініңдер. 
Өзен бетіндегі аққу – қаздардың дауысы естіледі.Биікте ұшқан шағалаларды елестетеміз. Таза ауамен терең тыныс аламыз. Ал көздеріңді ашып жайлау көркіне назар аударыңдар.Қандай керемет! Ауасы қандай таза, осы жайлау жайлы тақпақ білесіңдер ме? Балалар: Жайлау қандай тамаша 
                  Көзді тартар қараса 
                  Қызыл жасыл төңірек 
                  Бейне жайған алаша 

                   Ақ боз үйлер тігіліп 
                   Ашылыпты түңілік 
                   Көбелекті қуалап 
                   Балалар жүр жүгіріп 

                   Сары қымызды сапырып
                   Келгенге дәм татырып 
                   Жаяр әжем дастархан 
                   Күн қызылын батырып 
-Тәрбиеші:Балалар,Асан мен Үсен көңілсіз ғой.Ойын ойнап көңілдерін көтерейік.
«Орамал тастамақ»
-Асан:Үсен, менің қарным ашты.Мына жұмыртқаларды пісіріп жейікші.
(Асан жұмыртқа салынған құстың ұясын алып келеді)
-Үсен:Жоқ Асан, құстың жұмыртқасына тиісуге болмайды
-Тәрбиеші:Балалар,Үсен дұрыс айтады.Құстардың ұясына тиісуге болмайды.Біз оларға қамқор болуымыз керек.Құстар туралы  қандай тиым сөздер білесіңдер
«Тиым сөздер» 
             1.Құстың ұясын бұзба.
             2.Жұмыртқасын жарма.
             3.Құсқа тас атпа.
             4.Оларға қамқор бол.

Малшылар:Асан,Үсен бүкіл ауыл сендерді іздеп кеткен еді. Табылғандарың қандай жақсы болды.Біз барып сендердің әке шешелеріңнен сүйінші сұрайық
(Малшылар Асан мен Үсенді аттарына мінгізіп алып кетеді)
-Асан,Үсен:Балалар,сендерге көп-көп рахмет.Сендер бізге көп көмектестіңдер.Сау болыңдар!
Балалар:Сау болыңдар,Асан мен Үсен.
Тәрбиеші:Жақсы енді балалар, осы жайлау туралы өзіміз бағанадан бергі әңгімелерімізді, көрген түйгендерімізді суретпен бейнеліп көрсетсек қайтеді? 
Мына ақ қағаз бетіне жайлау көрінісін бейнелейміз қағазды дұрыс бағдарлай білуіміз керек. Ең жоғарғы бөлігі аспан әлемі болады.(күн, бұлт, жұлдыз, ай) 
Одан кейінгі бөлікке тау өзен – су, ағаштар, бұталар. 
Ағаштар алыстан кішкентай болып көрінеді, ал жақыннан үлкен болып көрінеді. Ал жас ағаштар – кіші болатынын ескеріңдер. Су – көк, тау қоңыр төбесінде қар болады. Қағаздың ортаңғы бөлігі жасыл жайлау, бұлағы ағып жатыр, киіз үйлер қатарласа орналасқан, үй жануарларын бейнелеу керек. 
Балалар: 1. көгілдір аспанды сулау тәсілімен бояп жасайды, немесе көгілдір түсті қағаздан бұлт, сары түстен күн қияды. 
2 – топ. Тау, өзен, су ағаштарды, шөптерді қиып дайындайды. 
3 – топ. Үй жануарларын, адамдарды, киіз үйлерді қағаздан,мақтадан қиып, кейбіреулерін ермексаз илеп жасайды. Әр бала өзіне ұнаған жұмысты орындап болған соң, оларды қағаздың бетіне ретімен келістіре орналастырады.
Тәрбиеші: Балалар, қандай керемет үлкен жайлау пайда болды. Бұл сендердің ұйымшылдылықтарыңның арқасында жасалған жұмыс. 
Туған жерді аялап жүріңдер. Саяжайға демалуға барғанда да отырған орындарыңды жиыстырып жүру керек. 
Қағаз қиындыларын шашып кетуге болмайды. Ағаштарды, бұталарды сындыруға болмайды. 
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!

Жылулық шеңбері

Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 1617 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]