Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Бақытты балалық шақ
01:39
Бақытты балалық шақ

Павлодар облысы Ақсу қаласы № 2 мектептегі шағын орталық тәрбиешісі Ахметова Сұлушаш Заркешқызы
«Бақытты балалық шақ»
Сәбилер тобыныңи ертеңгілігі
жүргізуші    Армысыздар! Құрметті қонақтар!
            Армысыздар! Ұстаздар, ата-аналар!
            Міне, бүгін өнер-білім көрсетіп, 
                               Бүлдіршіндер сіздерді тамсандырар.
Жүр-ші; Көктемде  тіршіліктің бәрі оянып, жан-жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан шығарады екен. Сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Торғай, қарға, тауық.
Жүр-ші; Ия, тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады?
- Жұмыртқа шығарады.
 Жүр-ші; Ендеше,  "Алтын жұмыртқа" ертегісін еске түсірейікші .
 Жүр-ші; Балалар ертегі не туралы екен?
-Алтын  жұмыртқа туралы.
 Жүр-ші; Онда тағы қандай кейіпкерлер бар?
- Ата, әже, тышқан, тауық
Жүр-ші; Ал енді  осы ертегіні сахналап  көрсетейікші.
Сахналау  Алтын жұмыртқа
Жүр-ші :Балалар ал жұмыртқадан не шығады ?
Балалардың жауаптары Балапан
Жүр-ші; Балалар, ендеше бір сәт балапандарға ұқсап қимыл жасайықшы.
(«Шөжелер» әніне қимыл  би  жасайды)
Жүр-ші; Балалар жұмыртқаның пішіні қандай?
- Пішіні сопақша
Жүр-ші; Түсі қандай?
- Түсі ақ.
Осы кезде тауықтың дауысы естіледі.
Жүр-ші; Балалар, тыңдаңдаршы ненің дауысы естіледі?
Топқа қыт-қыттап тауық кіреді.
Тауық  Қыт – қыт - қыт, сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай әдемі балалар!
 Жүр-ші; Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе?
Тауық Ия, менің көп жұмыртқаларымды тышқан жарып кетіпті, соны құрастыруға көмектесесіңдер ме?
- Ия, көмектесеміз.
Жүр-ші; «Жұмыртқаны жина» ойыны. Балалар сынып қалған жұмыртқаның бөліктерін тауып құрастырады.
Тауық Рахмет, сендерге балалар! Мен қуанып қалдым.
  Жүр-ші  :Балалар, сендерге ана тауықта риза болып қалды, сендер өздеріңнің жақсы, ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер, енді ана тауықпен бірге серуенге шығып «Балапандар» ойынын ойнайық.
Жүр-ші  :Ауылда ата мен  әжелерінде  қошақандар бар ма ? Балалар біз қошақан туралы өлең  білеміз ғой.Қане бәріміз тұрып айтайықшы.
Ән « Қошақаным қайда екен ?»
Жүр-ші  :Біздің балалар жыл бойы жаттаған тақпақтарын айтып берсін.Тамашаланыздар.
Мирас ,Науан,Самир т.б
Бір кезде күн мен бұлт кіреді.
Күн: 
Мен жарқырап төбеде 
Нұрын төгіп тұрамын. 
Шуақ шашып бәріне 
Бала жанын ұғамын. 
Бұлт: 
Күн, күн, тоқтай тұр! 
Сөзімен менің құлақ тұр. 
Ішім толы суға, 
Сусыз өмір бола ма? 
– Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын! 
Күн: Жоқ, мен мықтымын! 
(Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды) 
Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін  күн  туралы әнін орындап берейік  .
Жүр-ші  :Ән  «Әрқашан күн сөнбесін»
Күн мен бұлт қоштасып  кетеді .
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман-есен жүрейік
Келер оқу жылына!
Жүр-ші  : Міне, құрметті ата – аналар, кеше ғана бүлдіршін боп, өздеріңізге еркелеп отырған балаларыңыз өздерінің 1 жыл ішінде меңгерген білім, білік, өнер дағдыларын алдарыңызға салды. Ендігі сөз кезегі сіздерде.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 2887 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]