Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Ғажайып әлем елдеріне саяхат
01:53
Ғажайып әлем елдеріне саяхат

Ғажайып әлем елдеріне саяхат.
Сабақтың мақсаты: Балалардың көп ұлтты Қазақстан туралы білімдеріне кеңейту, халықтар арасындағы достықты нығайту, әр түрлі ұлттардың мәдениетті мен дәстүріне деген қызығушылықтарын арттыру, кез келген ұлттың адамына сыйластықпен, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Барысы: Психожаттығу.
Кел балалар ортаға
Қайырлы таң достарым!
Достарымды көргенде !
Қуана қарсы аламын!
Қолымыздан ұстасып!
Жылулықты алайық!
Тәрбиеші: -Біз қандай Республикада тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Қазақ халқының өзінің ұлттық киімдері, тағамдары, салт-дәстүрлері, ойындары, рәміздері бар. Сендер Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?
Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран
Тәрбиеші :Бәріміз бірге еліміздің әнұранын орындайық.
Гимн орындалады.
Тәрбиеші: Қазақ жері туралы кім, не біледі екен?
Айдын: Қазақстан жері  кең байтақ. Біздің мемлекетік тіліміз-қазақ тілі.
Алия: Біздің Республикамызда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстандағы барлық ұлттар бір-бірімен дос, тату-тәтті тұрады. 
Тәрбиеші :Біздің ортамызда да басқа ұлт өкілдері бар екен. Сіздер қай елден келдіңіздер, ұлттарыңыз кім? (Ресей)
Владислав: Здраствуйте дорогие гости. Добро пожаловать к нам в Россию.
Біз сендерге орысша билеп берейік. Ал енді біз Өзбекстанға баруымыз керек. Ол үшін сыйқырлы тастардан өтуіміз керек. 
Шұғыла: Ассалаумағалейкум, хурматли мемонлар. Хош кепсизлер.
Біз сіздерге өзбек биін билеп береміз.Дос туралы мақал-мәтелдер айтылады. 
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Өте тамаша енді, ұшаққа мініп өзіміздің Қазақстан жеріне, елімізге қайтып оралайық.
Тәрбиеші: Балалар, біз қаншама ғажайып елдер әлеміне саяхатқа барып келдік, көптеген ұлт өкілдерімен таныстық. Біз әлі бармай қалған қаншама елдер бар. Барлық ұлттар, елдер бір-бірімен  дос болып, тату-тәтті өмір сүруі керек.  Соғыс деген мүлдем болмасын. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын. Балалар, әрқашан да достықтарының берік болсын! Енді бәріміз бірге «Қара жорға» биін орындайық. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 990 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]