Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 21 » Қазақ тілін үйрету әдістемесінің ұтымды жолдары
16:49
Қазақ тілін үйрету әдістемесінің ұтымды жолдары

Қазақ тілін үйрету әдістемесінің  ұтымды жолдары

 

Қазақ тілін үйрету әдістемесінің ұтымды жолдары

 

Қазақ тілін үйрету әдістемесінің   
ұтымды жолдары
    Мектепке дейінгі кезең-баланың іс-әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды,қайталанбайтын мезгіл.Бұл мезгіл ішінде балаларға берілетін білім мен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс.Осыған орай сәби эмоцианалдық іскерлік коммуникативтік  және интелектуалдық жағынан дамуы айналадағы дүниемен ,табиғатпен,өз-өзімен,басқа адамдармен т.б. Өзара белсенді әректтік қарым-қатынаста болу арқылы қалыптасады.               
   Балабақшалардағы қазақ тілі сабақтары бастапқыда сөздік жұмыстарынан басталып,дыбыстарды дұрыс айтуға бағытталғанмен түпкілікті мақсатпен өзара қазақ тілінде сөйлеуге үйрету.   
         Жоспар бойынша тәжірбиеде бұл міндетті мына төмендегідей әдістерді қолданған ұтымды екені байқалды.                                            
         Алдымен белгілі бір тақырыпта әңгімеге тартатын  сұрақ-жауаптар арқылы сөйлесу үлгілеріне,әдісіне тоқталайық.
         Балалардың меңгерген сөздерінен өз бетінше сөйлем құрауға  бағыттайтын диалогтың құрылысын көрсететін белгілі сөйлеу үлгісінің көлемі,мазмұны сәбилердің қазақ тілі сабақтарынан алған білім-дағдыларына және  жас ерекшеліктеріне ұлттық құрамына лайықты болуы керек.Оқытушы баланың тәрбиешімен немесе өзара әңгімелесу тақырыптарын болжап  алып,сол тақырыпқа қатысты әр түрлі сөйлесу үлгілерін ұсына алады.Бірақ,ескеретін нәрсе балалардың  мұндай сөйлеу үлгіні жаттап алуы олардың өмірде сол үлгілерге сәйкес әңгімелесе білу қабілеттерін дамытып кете алмайды.Мысалы:Атың кім?Жасың нешеде? деген сұрақтарға  жауап бередіде, “ Ағаңның аты кім?”, “Тәтеңнің жасы нешеде?”деген сұрақтарға келгенде тосылып қалады.Сондықтан психологтардың пікірлері бойынша балаларға берілетін диалог үлгілері,бірнеше рет ауызша қайталау әдісі арқылы құрғақ жаттағаннан гөрі арнайы ойындар кезінде балалардың өзара немесе тәрбиешісімен,тіпті, өз бетімен сөйлесуін қамтамасыз ететін жағдайлар туғызып отырған жөн.
      Екіншіден түрлі тақырыптағы сөйлесу үлгілерін біріңғай үлгіде яғни бірізділікпен енгізу әдісін ұсынуға болады.
      Бұл әдістің ерекшеліігі оқытушының тақырыпаралық байланыс қағидаларына өте мұқият болуын талап етеді.”атың кім?”,”Жасың нешеде?”деген сұрақтар балалармен алғаш танысу кезінде ғана айтылып қалмай,”Ойыншықтар”,”Жан-жануарлар”,”Мерекелер” туралы тақырыптарда әртүрлі рольдегі кейіпкерлерге қатысты қойылып отырылуы тиіс.
      Сол сияқты”қандай?”, “неше?” деген сұрақтар “Балабақша қандай?,үстел қандай?”, “Қаздың түсі қандай?”, “Қарғаның түсі қандай?”, “Әсияның палььтосының түсі қандай?”, “Алманың көйлегі қандай?”, “Сәбіз қандай,пияз қандай?”, “Сенде неше шар бар?”, “Мына ойыншықтар нешеу?”, “Отбасында біз нешеуміз?”, “Қолым нешеу? Саусақтарым нешеу?”, “Тәрелкеде неше алма ,неше алмұрт бар? “Мына суретте сәбіз нешеу,алма нешеу?”т.б. деген сияқты сөйлеу үлгілері өз орнына бірітіндеп енгізіліп,оған қатысты жауаптарды балалардың өз бетінше айтуы қамтамасыз етіледі.
      Ендігі бір әдіс-типтік құрылғылар(конструкциялар) негізінде балалардың жәй және жайылма сөйлемдер құрастыруы.     
       Балаларды қазақ тілінде қарапайым,құрылысы жеңіл сөйлемдер құра білуге үйрету олардың байланыстырып сөйлеуінің бастамасы болып саналады.Басқа ұлт балаларының  өз бетімен кез келген ойды жеткізуге қабілеті жетпейтіндіктен,олардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда тіптік құрылғылар негізінде дамудың мәні зор.Бұл,біріншіден,балаларға  қазақ тілінің грамматикалық құрылымы жайлы мағлұмат береді,екіншіден,балаларға өз бетінше көптеген етістік,есімдік,сын,сан есім тұлғаларының әр түрлі формада қолдалнылуына бағыт береді. Мысалы:тәрбиеші:                   “Әже отыр”                                                      “Ата малдас құрып отыр”
        
       Төртінші әдіс балалардың жекелей сұрақ беруін және ұжымдық түрде диалогқа         түсе  білуін тәрбиелеу әдісін қолданып,коммуникативті қатынас тудыру үшін диалог құру мақсатын тәрбиеші-педагог алдын-ала ойластырады.Ол үшін диалогтың өтетін  орны,қатысатын кейіпкерлерлері,сөз болатын мәселлелері,сөйлеу үлгілері дайындылады.
         Ескеретін жағдай:диалогқа қажет ауызекі сөйлеу үлгісі өмірдегі шынайы қалыпқа сай нанымды болуы керек.мысалы:
Мұндай сөйлеу үлгілері құрылысын баллалардың меңгерген білім деңгейлеріне қарай күрделендіре түсуге де болады.Бұл орайда жауап қайтарар кезінде қиналған баллаларға кейбір үлгілерді еске түсіретін сұрақтар қою,демек,сыбырлап айтып жіберу тәсілдері қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: слайд балабақшаға | Просмотров: 2031 | Добавил: Admin | Теги: презентация, балабақша, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]