Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 20 » Қазақстан ортақ үйіміз
16:14
Қазақстан ортақ үйіміз

№12 балабақшасының тәрбиешісі Ә.Көшмағанбетова.


Айналамен танысу

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан ортақ үйіміз»
Мақсаты: Балаларға туған елінің, отанының Қазақстан  Республикасының белгілерімен  
                    таныстыру. Өз ұлты мен басқа ұлт өкілдері жайында түсінііңтерін молайту.  
                    Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өз ұлтына, тіліне деген 
                    сүйіспеншілігін арттыру. Ардақтай білуге тәрбиелеу.
                    Керекті құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері. Ұлттық заттар,  
                    киімдер. Топқа күзгі жапырақтар шашып тастау.
Әдіскерлік тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақтар – жауап, өлең, тақпақтар айту.
Сөздік қоры: «Қазақстан Республикасының рәміздері»
Олар: Әнұран, Көк ту, Елтаңба
Ұлт өкілдері: Орыс, қазақ.

Сабақ барысы: Балалармен бірге Хольнова Нина апай да бірге кіреді. Қолында әдемі, гүлденген қорапша бар.
Шаттық шеңбері: Амандасу.
                                                  Табиғатым тамаша
    Көз тоймайды қараса
    Табиғатты аялап
    Жүрейінші жараса
    Сәлем саған жер ана!
    Сәлем саған нұрлы күн.
    Аман – есен болайық
    Бейбітшілікті қалайық.

Ой балалар тоңып кеткен жоқсындар ма? Мен тоңып кеттім.

-    Мына жапырақтар қайдан түскен?
-    Ағаштан.
-    Түсі қандай?
-    Сары
-    Бұл қай мезгіл?
-    Күз мезгілі.
-    Күзде күн салқындайды, аспанды бұлт торлайды. Жиі – жиі жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді. Қане балалар кім күз туралы тақпақтар біледі.

Ақгүл:   Алтын, сары, қызыл, көк,
               Алуан – алуан жапырақ.
               Күзгі бақта күлімдеп,
               Көз тартады атырап.

Сағыныш:   Қарашы күз келді, күз келді,
                      Жапырақ жауыпты іздерді.
                      Құс біткен керуен тізеді,
                      Қара бұлт қабағын түйеді.

Өте жақсы балалар.

Тәрбиеші: - Балалар бізбенен бірге кірген кім?
-    Қай тілде сөйлеп тұр.
-    Орыс тілінде.
-    Біздермен ойын ойнады.
-    Енді біз қонақпен қоштасайық.
Бұрыштарға барып қазақ елін бейнелейтін бұрышты тауып алып.

Тәрбиеші: 
-    Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?
-    Қазақстан.
-    Бас қаламыз Елордамыз қалай аталады?
-    Астана.
-    Біздің ұлтымыз қандай?
-    Қазақ
-    Біз қандай тілде сөйлейміз?
-    Қазақ тілінде.

Тәрбиеші: Балалар мынау кең байтақ Қазақстанжерінде көп ұлт өкілдері тұрады.
Олар: Орыстар, т.б. ұлт өкілдері тұрады.

Ақтоты:         Ана тілің арың бұл
    Ұятың боп тұр бетте
    Өзге тілдің бәрін біл,
    Өз тіліңді құрметте.

Өте жақсы. Қане балалар шеңберге тұрайық.

    Біз ұлтты мекенбіз
    Ортақ біздің үйіміз
    Ортақ біздің жеріміз
                             Жаса Қазақстаным
    Жасасын қазақ еліміз.

Тәрбиеші:
-    Балалар әр елдің өз белгілері болады. Мынау біздің Қазақстан Республикасының белгісі. Бұны балалар – Рәміздер деп атаймыз.
-    Әнұран, елтаңба, көк ту.
-    Елбасымыз Әбішұлы Назарбаев.

Бәйтеректі көрсету. Астана, Бәйтерек туралы әңгімелеу.
-    Балалар Астанаға барғандарың бар ма?
-    Онда не көрдіңдер?
-    Зарина мен Астанаға бардым. Онда бәйтеректі көрдім. Төбесінде дөңгелегі бар. Қасына суретке түстім.

          Әнұранды орындау. Рәміздер туралы тақпақтарды еске түсірейік. Аяулым елтаңбаның қасына тұрып,

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.

 

Еркежан: 
Абай туған, Сәкен туған
Құрметте досым қазақтың жерін
Қамбаға жылда алтын дән құйған
Қазақстан Республикам менің!

Балалар қазір ойын ойнаймыз.
Ойынның аты: «Өз түсіңдң тап»
Ортаға шеңбер, жан – жақты түрлі – түсті ленталар тағылған. Сендер өздеріңе ұнаған лентаны ұстай бастаңдар. Тәрбиеші бақан болып көтерген кезде киіз үй сияқты болып шығады.
Шаңырақты көтеріп
Уықтарды құрайық
Өрімдей болып өріліп
Киіз үй болып тұрайық.

Балалар  қуанып, шаттанады. Енді бұл киіз үйде не болуы керек. Сандыұ, көрпе, дөңгелек үстел. Ойнымызды серуенде жалғастырамыз.

Қорытындылау сұрақтары:
-    Балалар біз қандай елмен таыстық. Қай ел туралы айттық?
-    Рәміздер қалай аталады?
-    Бізге кім қонаққа келді?

Жақсы жауап берген балаларды бағалау.

 

 


Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
2010 жыл.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 1339 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]