Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
16:11
Қасқыр мен жеті лақ ертегісі

Тәрбиеші: Гүлжанат Ертайқызы Тулкина, Жұмыскер ауылы, Қазан ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Топ: Ортаңғы топ
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекеті:Театрландыру 
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі                                                  
Мақсаты: Мазмұнын таныстыру, мәнерлеп оқып беру, сұрақ- жауап арқылы хайуанаттар мінезі, дауыс ырғағы өздеріне тән қасиеттері туралы әңгімелесу. Балалардың сөйлеу, есте сақтау, тілдік қорын дамыту. Балаларға кейіпкерлердің рөлін ойнауды үйрету, сөздерін жаттау.
  Технология: «Тәй-тәй» технологиясы 
Қажетті құралдар:Үйдің макеті, лақтар мен қасқырдың  бейнелері, бояғыш заттар, құрылыс ойыншығы, магнит тақтасы, бояу, ақ қағаз, қылқаламдар, суқұйғыштар, гуашь құйылған табақшалар, салфеткалар. 
    Сабақ барысы:
   I.Ұйымдастыру кезеңі:
    – Балалар, қанеки, саусақ ойынын жүргізейік!
    Саусақтарды ашып, жұмайық,
    Ертегілерді атап, шығайық!
   «Бауырсақ», «Үйшікей», «Шалқан»,
   Шаруа-ата өсіріп алған.
   «Қасқыр мен жеті лақтар» –
   Ең сүйікті қонақтар!
   Тәрбиеші:-Балалар, бүгін сендермен әдемі ертегімен танысамыз дегенде, залға тарсылдатып жалмауыз кемпір кіреді.
  Жалмауыз кемпір:
-    Балалар, сендер осындасыңдар ма? Мен сендерді алып кетуге келдім, қане, бері келіңдер.
   Тәрбиеші: Жалмауыз кемпір асықпа,деміңді ал отыр. Бізге бүгін қонақ бол, біздің ертегімізді тамашала,балаларымыздың өнерін көр.
  Жалмауыз кемпір:
  Көрсем көрейін, егер де ұнамаса онда мына балалардың біреуін алып кетем.
Тәрбиеші:Ертегінің жалпы мазмұнын магнит тақтасы арқылы дауыс  ырғағымен түсіндірді. Ертегінің кейіпкерлері туралы балалардан сұрақ-жауап алынды. Ертегіні толықтай түсіну үшін белсенді орталықтары арқылы бөліп ойнатылды.
  Сергіту сәті:
  Биік болып өсеміз
  Жапырақтай жайқалып
  Табиғатты сүйеміз
  Денемізді тік ұстап
  Билеп-билеп аламыз.
Жалмауыз кемпір:-Балалар, маған ертегі қатты ұнады, мен сендермен дос болайыншы? Енді сендерге тиіспеймін, мені де ертегі әлеміне қосындаршы.
Тәрбиеші:-Балалар қосамыз ба? Жақсы қоссақ, онда сен біздің айтқанымызды істейсің. Балалар, менің қолымдағы гүлдерді алып орталықтарға бөлінеміз
Бейнелеу орталығында: 4 бала  қасқырдың бейнесі сызылған суретті бояу арқылы айқындап бояйды.
Құрылыс орталығында: 4 бала лақтарға үй жасап құрастырады.
Әдебиет орталығында: Қалған балалар жалмауыз кемпірмен бірге ертегіні қызыға сахналайды.
Балалар орталықтармен ауыса отырып ертегіні толықтай  ашып, кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз екенін өздері түсіндіреді.
Жалмауыз кемпір:-Балалар, мен кетуім керек, барар жерлерім бар енді тағы келуге бола ма? Маған ертегі қатты ұнады, енді мен де өзгерем жаман болмаймын. Сау болыңдар, балалар.
Тәрбиеші: Балалар қоштасамыз.
Сабақты қорытындылау
–    Біз бүгін қандай ертегіні?  – «Қасқыр мен жеті лақ»
–    Сендерге жаңа ертегі ұнады ма? 
–    Балалардың бүгінгі еңбектерін бағалап, мадақтау.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 5329 | Добавил: Admin | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]