Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » Ғарышқа ұшу,ғарышты игеру
16:54
Ғарышқа ұшу,ғарышты игеру

Дүниетану  4ә.
Тақырыбы: Ғарышқа ұшу, ғарышты игеру.
Мақсаты: а) ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру.
ә) тұңғыш ғарышкер, қазақ ғарышкерлерімен таныстыру, оқушы бойындағы қызығушылықты арттыру. б) оқушылардың ғарыштық әлемге қызығушылығын ояту.
Көрнекілік: физикалық карта, Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев суреттері.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Барысы: І. Ұйымдастыру.
               ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
               ІІІ. Жаңа сабақ.
а)  Үй тапсырмасын «Күн жарық пен жылу көзі» сұрау.
ә) Сұрақтарға жауап алу.
1. Күн дегеніміз не?
2. Ғарыштық денелерге не жатады?
3. Күннің жердегі тіршілік үшін маңызы қандай?
4. Адамдар күн қуатын қалай пайдаланады?
5. Бақбақты неге «күн гүлі»  деп атайды?
б) Жаңа сабақ: «Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру»  түсіндіру.
Ғарыш адамның қызығушылығын ерте оятты. Жердің жасанды серігі алғаш рет 1957 жылы 4 қазанда ұшырылды. 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин ғарыш кемесімен жерді айналып шықты. Ол ғарыштан жерді 108 минут бақылады. 1991 жылы қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. Одан соң Талғат Мұсабаев 1993 жылы ұшты. 
в) Ғарыш туралы тақпақтар.
1оқушы
Мөлдір тұнық көк аспан,
Ол аспанға жарасқан.
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді.
2 оқушы:
Ар намысын ақтаған,
Жүректе сыр жаттаған.
Туған елін ұясын,
Жан тәнімен сақтаған.
Ұшқыш болғым келеді.
3 оқушы
Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген.
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлек боп түйілген
Ұшқыш болғым келеді.
г) Оқулықпен жұмыс. Мәтінді бөлімге бөліп оқу.
ғ) Сызбамен жұмыс. 

Ғарыштық денелер

   

 

д)  Интерактивті тақтадан суреттер көрсету.
з) Ойын «марсқа ұшу».
ж) Жұмбақтар шешу. 
1. Бір тілім болып туады,
    Күннен күнге толады, 
    Дөп-дөңгелек болады.        (Ай)
2. Көк жиекті көмкеріп,
   Шатыр жайдым кең керіп.       (Аспан)
3. Басшысы жалғыз,
   Сақшысы сан жүз.      (Ай мен жұлдыз)
и) топтастыру стратегиясы.
                                               Жер                           шолпан 
марс 
                                                                                                               меркурий


нептун                                                                                             сатурн
                              
                                    уран                        юпитер

й) Хор ғарышкерлер әні.
ш) Қорытындылау, бағалау.
     с) Бекіту сұрақтары.
1. Ғарышқа алғаш ұшқан кім, ол қашан ұшты?
2. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
3. Ғарыш айлағы қайда орналасқан?
4. Жердің серігі не?
5. Жердің алғашқы серігі қашан ұшырылды?

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 3091 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]