Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » Алтын қақпа - интеллектуалды ойын
16:12
Алтын қақпа - интеллектуалды ойын

Тақырыбы:  «Алтын қақпа» - интеллектуалды ойын.

Мақсаты: -«Алтын қақпа» интеллектуалды ойын арқылы балалардың
                   жыл бойы алған білімдерін бақылау.
                 -Сөздік қорын,ой-өрісін,тіл байлығын дамыту,есте сақтау,       
                   дүние танымын кеңейту.
                 -Еркін сөйлеуге,Отанды сүюге,тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын.
Көрнекіліктер: Күміс,алтын қақпа, алтын сандық,жұлдызшалар, әр     
                        балаға көтеретін таяқшалар,үлестірмелі суреттер тақта.
Ән: «Бала тілегі»  
Балалар: Сәлем бердік туған елім,
                 Тал бесігім,туған жерім.
                 Сәлем бердік бәріңізге,
                 Өскен ортам,еркін далам.
Психолог: Біздер бүгін жыл бойы алған білімдерімізді қайталау мақсатында «Алтын қақпа»-интеллектуалды-танымдық ойынын ойнаймыз. Ойын 5-бөлімнен тұрады,екі қақпа ашылады.
1-ші қақпа – күміс қақпа.
2-ші қақпа – алтын қақпа.
Алтын қақпаның ішінде алтын сандық бар,алтын сандықтың ішінде  сыйлық бар. Егер барлық тапсырмаларға жауап берсек, алтын  сандықтағы сыйлыққа ие боламыз.
                    Ал,ендеше тұрмайық,
                    Ойынымызды бастайық.
                    Не үйрендік,не білдік,
                    Соны ортаға тастайық.
               «Күміс қақпаның» сұрақтары.
1.Бөлім «Бәйге». 
Бірінші көтерген бала жауап береді,егер толық жауап бере алмаса келесі бала жауап беруге болады.

1.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?
2.Бағдаршамда неше көз бар,қандай?
3.Дыбыстар нешеге бөлінеді, қандай?
4.Нан туралы қандай тақпақ білесің?
5.Қандай ертегілер білесің?
6.Төрт түлік малды,оның төлдерін атап бер.
7.Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеу керек?
8.Өсімдік жақсы өсу үшін не керек?
9.Балалар жүр көшеде
   Естіледі айқай-шу.
   Сенде шықтың көшеге,
   Қағып кеттің байқамай,
   Мұндайда не деу керек? (кешіріңіз)
2. Бөлім «Жүзден жүйрік»
Тақтада тоғызға дейін жазылған ұяшықтарды балалар таңдайды. 
 онда математика бойынша сұрақтар қойылады.
Ойлауға 10-секунд уақыт беріледі.

1.Санамақ айт
2.Геометриялық пішіндерді ата.
3.Таңбаларды ата.
4.1-10-ға дейін тура,кері сана.
5.Аулада 3-үйрек,
   Қорада 1-үйрек,
   Барлығы неше үйрек? (4)
6.Бір аптада неше күн бар?
7.Айнұрда 4-алма,
   Айбекте 4-алма,
   Екеуінде қанша алма? (8)
8.Төрт қабырғасы тең қандай пішін?
9.Қандай сергіту сәтін білесің?

            (екі тапсырмадан кейін күміс қақпа ашылады)
Би:  «Көңілді би»  

3.Бөлім. «Тіл ашар» 
Жұмбақ жасырылады,жауабын бірінші көтерген бала айтады,қате болса келесі көтерген бала айтады.жауабын орысша,қазақша айту керек. Толық жауап -3 ұпай, жартылай жауап-2 ұпай.

1.Қыс бойы жатады,
   Тәтті ұйқыға батады.           (аю – медведь)
2.Өзі айлакер,өзі бір қу,
   Жүрген жері айқайда-шу.    (түлкі – лиса)
3.Ұйқысынан тұрғанда,
   Аяқтарын созады.
   Тықыр шықса тышқаннан,
   Делебесі қозады.                 (мысық – кошка)
4.Сылдырдан қорқады,
    Шошынып жортады.           (қоян – заяц)
5.Адамға серік,
   Күзетке берік.                       (ит – собака)
6.Кішкентай ғана бойы бар,
   Айналдыра киген тоны бар. (қой – баран)

4.Бөлім. «Білгенге маржан» - деп аталады
Таратылған суретке байланысты сөйлем құрап айту.

1.    От.
2.    Қайық.
3.    Құс.
4.    Гүл.
5.    Бауырсақ.
6.    Домбыра.
7.    Алма.
8.    Балық.
9.    Доп.

                 ( Алтын қақпа ашылады)
5.Бөлім «Жорға»
Алтын қақпаның ішіндегі алтын сандықты ашу үшін бірнеше
 сұрақтар қойылады.

1.Елбасы кім?
2.Балабақшамыз қалай аталады?
3.Үй жануарларын ата?
4.Тудың түсі қандай?
5.Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді?
6. «Кел балалар,оқылық!» авторы кім?    (Ыбырай Алтынсарин)

Балалар алтын қақпаның барлық сұрақтарына жақсы 
жауап бердіңдер,енді бізің алтын сандығымыз ашылады.
Барлығы қол соғып,қошемет көрсетеді.

Би: «Аққу» 

Міне енді сандықтағы сыйлықты алатын кез келді.
                     Алтын сандық,сыр сандық,
                     Сыйлығыңды көрейін,
                     Балаларға берейін.

Сөз кезегі әділқазыларға берідеді.

5- бөлім бойынша жеңімпаз балалар анықталып,мақтау қағазына 
ие болады.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 1185 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]