Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » 5 санының құрамы
16:09
5 санының құрамы

БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ

Тәрбиеші:  Майгүл Матайқызы Жексенова, Кентүбек ауылы, «Қарлығаш» бөбектер бақшасы
Топ: Ортаңғы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлім: Қарапайым математика.
Тақырыбы: «5 санының құрамы»
Мақсаты: Көлемі бойынша заттарды салыстыруға жаттықтыру және ұзынырақ, қысқалау сөздерін қолдану.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы 
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап,ойын арқылы.
Шаттық шеңбері:    Армысың, алтын күн,
                                     Армысың, асыл жер,
                                     Армысың, жан досым.
                                      Жылуыма, жылу қос,
                                       Міне, менің қолым.
Мотивациялық кезеңі: Есік қағылып, хат әкеледі. Оның ішінде Мақта қыз, балалардан  бес санының құрамын тауып берулерін сұрайды. 
Іздену кезеңі: Балаларды бес санының құрамымен таныстыру үшін, оларды сандар әлеміне саяхатқа шақырады. Балаларды шеңбер бойымен поезд етіп, айналу.
1-ші аялдама:Бір саны- бір қой, бір қызанақ, бір Біржан, бір Мадина ...
2-ші аялдама:Екі саны- екі жылқы, екі саңырауқұлақ, екі Нұрай, екі Ерасыл...
3-ші аялдама: Үш саны-үш аю, үш сиыр, үш алма... 
4-ші аялдама: Төрт саны-төрт ешкі, төрт алмұрт, төрт гүл...
5-ші аялдама: Бес саны- бес түйе, бес саусақ, бес орындық...
Салыстыру.  Мысалы:1- сұрақ.Төрт үшбұрыш көп па, әлде екі тіктөртбұрыш көп пе?  2-сұрақ. Бес алма көп пе, әлде  үш алмұрт көп пе?...
Сергіту сәті:  Оң қолымда, бес саусақ,
                         Сол қолымда, бес саусақ, 
             Беске- бесті қосқанда,
             Болып шықты, он саусақ.
Орталықтарға бөлу: 1-ші орталық, Тіл дамыту.
        Санамақ санау: Бір дегенім- білеу,
                             Екі дегенім- егеу,
                    Үш дегенім- үзік,
                    Төрт дегенім- төсек,
                    Бес дегенім- бесік.
2-ші орталық, Театр дидактикалық ойын орталығы.
«Бауырсақ» ертегісін сахналау. Бауырсақ алдынан кездескен аңдарды санау: кірпі, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Сонымен, бауырсақ алдынае бес аң кездесті деп, қорытындылау.
3-ші орталық, Сурет салу. Берілген суреттерді түсіне қарай  ажыратып бояу, санап беру.
Қорытынды кезеңі: Сабақ барысын қайталау. Балаларды мақтап, мадақтау. Бағалау ретінде, жұлдызшалар тарату.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 2293 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]