Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 19 » 4 саны оның құрамы және жазылуымен таныстыру
00:56
4 саны оның құрамы және жазылуымен таныстыру

ШҚО Аягоз ауданы Аягоз қаласы
№2 «Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Садвакасова Гульнур Турарбековна
5 жас даярлық тобының тәрбиешісі

          4 саны оның құрамы және жазылуымен  таныстыру.
Сабақтың түрі, Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды 4 санымен, оның құрамы, жазылуымен таныстыру. Дұрыс санау тәсілдерін пайдаланып, 4-ке дейінгі заттарды санауды,есептер шығаруды үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбектене білуге және де әдемі, қатесіз жазуға үйрету.
Көрнекіліктері: сандар, суреттер,газет, буклеттер,текшелер, үлестірме материалдар,ойыншықтар, шарлар т.б
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Шаттық шеңбері: 
Армысыз, қайрымды Аспан ата!
Армысыз, мейрімді Жер ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын күн!
Қуан, шаттан, алақай,
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Амансыздар ма? Достарым!
Сәлеметсіз бе ? Ұстазым!  (Балалар орындарына отырады)
Үй тапсырмасын сұрау
2 және 3 сандары, жазылуын тексеру, қайталап еске түсіру.
(Көрнекіліктермен жұмыс жүргізу)
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
Жаңа сабақ.          4 саны оның құрамы және жазылуымен таныстыру.
- Балалар, біз бүгін 4 саны оның құрамы және жазылуымен танысамыз.
 (Көрнекіліктермен жұмыс жүргізу)
Есептер шығарып көрсету,түсіндіру.
                                             
                                              +               =                                                      -              =

                                       1  +  1  =    2                2  -  1 =  1

 

Көптеген мысалдар келтіре отырып, балаларға есеп шығаруды үйрету. Дәптерлеріне 3және 4 цифрларын бастырып жаздыру.
Жазбас бұрын «Әдемі жазайық»  өлеңін хормен айтқызу
Қолға қалам алайық.
Дәптерімізді ашайық. 
Дәптерімізді ашқан соң,
Әдемі етіп жазайық.
Балалар дәптерлерін ашып, цифрларды бастырып жазады.(5-10 минут)
Сергіту сәті
Жаза, жаза, саусағым,
Әлсіредім шаршадым.э
Бір,екі, үш,
Қолға жинап күш!
Қане,қалам алайық,
Әдемілеп жазайық.
(Балалардың дәптерлерін жинап алу)
«Кім жылдам?» ойынын ойнату
Ойын шарты: Балаларға текшелер, яғни сандар салып есеп құрастырып көрсететінқалташалар беріледі.Балалар мұғалімнің көмегімен есептер шығарып үйренеді.

 

Мұғалім:                    

  + =     
-         +            =                     

 


Балалар :       2+ 1= 3      2+2 = 4

Ойын жалғаса береді.
( Ойын соңында жақсы есеп құрастырған балаларды атап өту.)
Балаларға көптеген сұрақтар қою. Сабаққа қорытынды жасау мақсатында көрнекіліктерді пайдалана отырып,сабақты қысқаша қайталау.
Сандарға байланысты М.Әлімбаевтің «Он саусақ» өлеңін орындату.
Үйге тапсырма беру.
Үйге: 4 саны және цифрын жазу. Оқулықтан дөңгелектерді төрт- төрттен  бояп келу.
 Үй дептерлерін таратып беру.
Бағалау. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 712 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]