Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » 2014 » Июнь » 18 » 4 саны мен цифры
01:23
4 саны мен цифры

Сабақтың тақырыбы:  «4 саны мен цифры»

Сабақтың мақсаты: білімділік:балаларды 4 санымен және

                                                        цифрымен таныстыру;

                                      дамытушылық: балалардың ой-өрісін

                                                           4 санының құрамына есеп құрастыру

                                                           арқылы дамыту ;

                                      тәрбиелік: 4 цифрын дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету, ойын.

Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, сандар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру:

Амандасу;
Өткен сандарды қайталау.
II. Жаңа сабақ:

Сурет бойынша 4 санының пайда болуын түсіндіру.

-Аквариумде 3 балық болды, тағы бір балық әкеліп қостық. Неше балық болды? 3+1=4.Бүгін біз 4 санымен танысамыз.

4 санын көрсетіп, тура және кері санау. 4-тің алдындағы сан ұғымын түсіндіру.

-3қоянның қасына тағы да бір қоян келіп қосылды. Неше қоян болды? 3+1=4. Төрт қоянның біреуі қашып кетті, нешеуі  қалды?

4-1=3.

-Ал, балалар қояндар нені жақсы көреді?

-Сәбізді.

Сәбіздерді пайдаланып 4 санының пайда болуы мен 4-тің алдындағы сан ұғымы қайталанылады.

-Қане, бәріміз төрт таяқша санап шығарайық.

Таяқшалар арқылы 4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық.

 

 

-Пішіндер  неге ұқсайды балалар?

-шаршыға, «ш» дыбысына.

-4 саны неге ұқсайды?

- төңкерілген орындыққа.

-Ал балалар, осы жөніндегі Алмастың тақпағын тыңдап көрелікші.

Іздегендер табады,

Зер салса егер мынаған.

Тура «4» боп қалады,

Орындықтар құлаған.

Дәптермен жұмыс:

Үзік сызықтарды бастырып, 4 цифрын жаздыру.

Сергіту сәті:

1,2,3- ал кәнеки ұш,

4,5,6,7- мынау ауыл шеті.

8,9,10- ал, кәнеки қон!

Тақтамен жұмыс:

Тақтадағы суреттер бойынша заттың атын атап, санау.

4балық, 4 ат, 4 доп.

«4» санына байланысты түсініктер беру:

4 түлік мал (атап өту), 4 жыл мезгілі (атап өту), шаршының

4 қабырғасы, машинаның 4 дөңгелегі, т.б.

4 санының құрамын дөңгелектер арқылы толықтыру.

4 санына байланысты есептер шығару.

3қоянға 1 қоянды қосқанда 4 қоян болады.

2 түлкіге 2 түлкіні қосқанда 4 түлкі болады.

1 кірпіге 3 кірпіні қосқанда 4 кірпі болады.

-Қане балалар, қарындаштың тапсырмасын орындайық.

Төрт түрлі- түсті қарындашымызды шығарайық. Қандай түстер екенін атап өтейікші.

-Көк, қызыл, сары және жасыл.

Тиісті түспен шаршыларды ретімен бояу.

Ойын: «Өз орныңды тап»

Шарты:балаларға 0ден 4ке дейінгі кеспе сандарды омырауларына тағамыз. Ретсіз араласып тұрады. Балалар ретимен қатарға тұруы керек, қатардағы орнын атауы керек.

III.Қорытынды.

-Балалар, біз бүгін қандай санмен таныстық?

«4» санының құрамын қайталау.

IV. Балаларды мадақтау.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 3881 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]