Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » 2016 » Апрель » 13 » Құстарды мен қорғаймын балабақшадағы ашық сабақтар
20:25
Құстарды мен қорғаймын балабақшадағы ашық сабақтар

Күні:
Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Құстарды мен қорғаймын.Саябақ өлеңдері.
Мақсаты:      1.Туған табиғатқа деген балалардың түсініктерін кеңейту.
2.Табиғат байлығы,оның алуан түрлігі,балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Табиғатты қорғауға,өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауға  тәрбиелеу
Көрнекілігі: «Қазақстан табиғаты» деген тақырыпты суреттер.
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
 Меңгерілетін сөздер:биік таулар,көркем келбеті,бұлақ сыңғыры,сыбдыр жел,тымырсық дала,көк шалғын. 
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Балалар бүгігінгі сабақта табиғаттың бір бөлігі құстар жайлы өтеміз.
V Жаңа сабақ 
                         Психологиялық сәт
Жаңбыр көп жауады,
Тамшылар тамады:тырс-тырс,
Терезе қағады,
Жылғалар ағады:тырс-тырс.
Жаңартып ауаны,
Жаңбыр көп жауады:тырс-тырс.
-Балалар,табиғат бізге қандай сый берді?
-«Табиғатты аялау керек» дейміз ол үшін не істеу керек?
-Қоқыстарды төкпеу керек.
-Ағаш бұтақтары,гүлдерді,,шөптерді жұлмай,оларды күту керек.
Құстарға қамқор болып,жемшашарға үнемі нан қорымдарын,бидай,тары сияқты дәндерді шашып қою керек.
К.Ғабдуллиннің «Құстарды мен қорғаймын», «Саябақ өлеңдері» атты өлеңдерін оқып беріп,мазмұнын ашу.
  Сергіту сәті:
Аппақ көйлек киемін,
Қос етегі бүрмелі,
Кестеленген жиегі
Кең даланың гүлдері.

VI Бекіту
Ойын: «Жапырағына қарап таны»
VII Қорыту
-Құстарды қорғау үшін кім қандай көмек көрсетеді?
-Құстардың қандай пайдасы бар?
-Құстардың сайраған дыбысын келтір.

VIII Бағалау

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 270 | Добавил: Admin | Теги: Ашық сабақтар, Құстарды мен қорғаймын балабақшадағ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]