Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Бас сүйек ми жарақаттары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Бас сүйек ми жарақаттары слайд,презентация

 

Бас сүйек ми жарақаттары

 

   Жарақаттар — бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің — аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы,буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).
Жабық зақымдану — бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).
Ашық зақымдану — бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Ми соққы (мидың шайқалуы деп те аталады) - бас соққыға ұшырап жараланғаннан кейін, ми қызметінің уақыттық әлсіреуі. Бұл сырқат өз алдына дербес, я болмаса бастың басқалай жарақаттануы, сондай ақ ми қанды ісігімен қосарланып пайда болады.
Ми шайқалуы (commotіo cerebrі) – әр түрлі механикалық әсерден ми және ми қабығының жарақаттануы. Ми шайқалуында ми құрылысында көзге көрінетіндей немесе бүтіндігі бұзылған өзгерістер бай-қалмағанымен, ми шайқалуы сатысына қарай әр түрлі дәрежеде ми қызметінің бұзылуы анықталады. Ми шайқалуы әр түрлі апаттардан (автомобиль, темір жол, т.б.), жоғарыдан төмен құлағаннан, қатты соққы тиюден, тағы басқа жарақаттардан болады
Ми шайқалуы кезінде алған жарақат мидың қан тамырларын зақымдап, соның салдарынан ми қан тамырлары кеңейіп, мида сулы ісіктер және ұсақ қан құйылу ошақтары пайда болады. Сонымен қатар жұлын сұйықтығы көбейіп, бас сүйегінің ішкі қысымы жоғарылайды.. Ми шайқалуының емдеу шаралары: міндетті түрде төсекте жатып емделу тәртібін, сондай-ақ толық тыныштықты сақтау қажет. Дәрі-дәрмекпен емдеу негізінде, мидың сулы ісінуіне және бас сүйегінің қуысындағы қысым деңгейінің жоғарылауына қарсы жүргізіледі. Сонымен қатар бас ауруын басатын және ауру адамға тыныштық туғызатын, ұйқысын реттейтін дәрілер қолданылады. Науқас ауруынан жазылғасын, өмірдің қалыпты жағдайына, ауыр немесе терең оймен байланысты жұмыстарға біртіндеп кірісуі керек.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (01.04.2016)
Просмотров: 1315 | Теги: презентация, бас, Бас сүйек ми жарақаттары, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]