Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Бақытым менің алыста өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

БАҚЫТЫМ МЕНІҢ АЛЫСТА

Алданбайын арзанқол жұбанышқа, 
Алданып жұбанышқа, құрақ ұшпа!
Қазір менен кашықтап куаныш та, 
Әйтеуір, бір бақытым түр алыста.

Белгісіз жетем бе оған, жетпеймін бе, 
Қалам ба орта жолда жетпей мүлде? 
Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста,
Көрем бе, көгерем бе, көктеймін бе?!

Болғанмен қанша мұңым, қанша қайғым, 
Іздеуден бақытымды шаршамаймын. 
Өмірім, берер болсаң, ұзағынан,
Өткінші бақытты мен аңсамаймын.

Өмірім!
Сен деп келгем, сен деп келгем!
Ақ еділ арманымды теңдеп келгем. 
Айырма алыстағы бақытымнан, 
Армандап аңсап көрген, шөлдеп көрген.

Жылдардың ұзаруда тізбектері,
Жаз өтті.Бара жатыр күз де өткелі.
Қыс та өтер, қыспен бірге мен де өтермін... 
Бақытым жүрсе болды іздеп мені.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (22.11.2016)
Просмотров: 96 | Теги: Мұқағали, Бақыт, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]