Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Ауыз қуысының микрофлорасы туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ауыз қуысының микрофлорасы туралы слайд,презентация

 

Ауыз қуысының микрофлорасы

 

Ауыз қуысының анатомиясы және физиологиясы. Ауыз қуысының кілегейлі қабығының құрамы және қызметтері. Сілікей. Ауыз сүйықтығы. Құрамы. Қасиеттері. Ауыз қуыстағы физиологиялық және патологиялық үрдістерде қатысуы. Ауыз қуысның микрофлорасы. Құрамы. Ауыз қуыстағы физиологиялық және патологиялық үрдістерде қатысуы.  Ауыз қуысы асқорту жолының бастапқы бөлімі болып табылады. Алдынан- ерінімен, бүійірлерінен – үртпен, үстінен –қатты және жұмсақ таңдаймен, астынын-ауыз қуысы түбімен шектеледі.  
Ауыз қуысы екі бөлімге бөлінеді:
- алдынғы- ауыздың кіре берсі
- артқы-меншілікті ауыз қуысы
Алдынан және бұйірінен ерін және ұртпен, артынын және ішінен тістермен, жоғары және төменгі жақ сүйектерінің альвеола өсінділерінің кілігейлі қабығымен шектеледі.
Кілегейлі қабық ауыз қуысын ұрт жағынын және қуыс жағынан жауып, барлық бездерінің түтікшелерінің қабырғаларын төсеп жатады. Кілегейлі қабық көп катпарлы эпителийден, базальді мембранадан, кілегейлі қабықтың негізгі қабатынан және астыңғы кілегейлі қабықасты қабатынан тұрады.
Қалыпты жағдайда кілегейлі қабық ақшыл-қызыл түсті, жылжымалы, беті жақсы ылғанданған. Қайта құрылу қабілеті жоғары. Ауыздың кілегейлі қабығы ас қорытуға, демалуға қатысады және қорғаныс қызметін атқарады.Қорғаныс қызметі келесі жолдармен жүзеге асады:
- микробтарды өткізбеу (оба және туляремия тудырушы микробтар ғана өте алады);
- эпителий қабатының түлеуі;
- қайта құрылудың жоғарғы дәрежеде болуы;
- сілекей бөлінуі;
- фагоцитоз;
- капиллярлардың өткізгізтігі;
- микробтық симбиоз;
КҚ бетін жапқан эпителий ауыз қуысына қарайды. Эпителийдің беткі қабаты түлеп, кейбір бөлігі мүйізгектенеді. Мысалы: қатты таңдайдың, тілдің, қызыл иектің эпителий қабаты. Бұл жерлерде жасушылар мүізгектеніп бірнеше қабаттан тұрады және олардың ядросы болмайды. Одан төмен дәнді жасушылар қабаты орналасқан. Олар ұзынша болып келеді, цитоплазмасында кератогиалин дәндері бар.
Қалыпты жағдайда ауыз қуысының түбінде, өтпелі қатпарда, тіс-қызыл иек қалтасында, тілдің астыңғы жағында эпителий мүізгектенбейді. Бұл жерде жалпақ тікенек тәрізді жасушалар орналасқан. Эпителийдің ең терең қабаты цилиндр немесе куб тәрізді клеткалар, олар өсу клеткалар болып табылады. Базальды мембранаға жақын орналасқан, сондықтан базальды қабат деп аталады. Эпителий негізінен базальды қабаттың клеткаларының бөлінуінің арқасында жаңарып отырады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (30.03.2016)
Просмотров: 495 | Теги: презентация, ауыз, Биология, Ауыз қуысының микрофлорасы туралы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]