Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Ауыз қуысында жүретін біртектес дерттік үрдістердің ерекшеліктері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ауыз қуысында жүретін біртектес дерттік үрдістердің ерекшеліктері слайд,презентация

 

Ауыз қуысында жүретін біртектес дерттік үрдістердің ерекшеліктері

 

Әртүрлі ауруларды емдеу және біртектес дерттік үрдістердің даму, өту және аяқталу механизмдерін анықтау үшін оларды моделдеудің әдістерін игеру кездеріндегі дәрігерлердің дұрыс шешім қабылдауы үшін шеткері қанайналым мен микроциркуляция бұзылыстарының, қабыну, қызба, гипоксия жағдайларының негізгі себептері мен даму механизмдерін, олардың диалектикалық маңызын игеру.
Біртектес дерттік үрдістер:
Адам мен әртүрлі жануарларда бірдей деңгейде өтеді,
Көп себепті (полиэтиологиялы),
әртүрлі ағзалар мен тіндерде өтеді,
айқындығы аз немесе жоғары қорғану-бейімделулік маңызы бар,
эволюцияда барысында түзілген
Ауыз қуысының патологиялық үрдістеріне ауыз қуысының шырышты қабатының аурулары, ісіктері және жақ-бет аппаратының даму ақаулықтары жатады. Бұл ауруларға стоматиттер,  гингивит және глоссит жатады. 
Стоматит (көне грекше: στόμα – ауыз) – ауыздың шырышты-кілегей қабығының қабынуы. Клиникалық ағымына қарай стоматиттың жедел және созылмалы түрлері бар. Егер қабыну тілде болса – глоссит, ал қызыл иекте болса – гингивит деп атайды. Аурудың пайда болу себептері:
механика, физика және химия жарақаттану, улану (мысалы, темекіні көп тарту, мөлшерден тыс арақ-шарап қабылдау, өте ыстық не өте салқын, сондай-ақ, өте қышқыл не өте тұзды тағам ішу);
түрлі жұқпалы ауруларға (қызылша, кандидоз, тұмау, т.б.) шалдығу;
дәрі-дәрмек аллергиясы;
дәрумен жетіспеушілік (гиповитаминоз);
жүйке жүйелерінің, ішкі органдардың созылмалы аурулары, ағзада зат алмасу процесінің және ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, т.б.
Сондай-ақ стоматит жыныстық жетілу кезінде немесе ақыл тіс кеш шыққанда дамиды. Стоматиттің қай түрінде де ауыздың шырышты қабығы қызарады, сілекей аға бастайды, жақасты лимфа түйіндерінің айналасындағы тіндер ісінеді. Дақ, бөртпе, бұдыр-төмпешіктер пайда болып, кейде олар іріңдеп, жараға айналуы мүмкін. Стоматитті емдеу тәсілдері аурудың негізгі себебіне қарсы бағытталады. Ауру белгісі пайда болысымен ауыз қуысын көмір тотығы, фурациллин, калий перманганаты (ашық қызғылт түсті) ерітінділерімен шаю керек. Физиотерапия жолымен, шырғанақ майымен де емделеді. ==Акрил стоматиті==. Акрилден ауыздың қабынуы. Протез базисіндеакрилды пластмассаның монамері мөлшерден көп болған соң, шырышты қабыққа зиян тигізіп, ауыз қуысының қабынуына әкеп соғады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (29.03.2016)
Просмотров: 598 | Теги: презентация, ауыз, Биология, Ауыз қуысында жүретін біртектес дер, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]