Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Ауыз қуысының микрофлорасы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ауыз қуысының микрофлорасы слайд,презентация

 

Ауыз қуысының микрофлорасы

 

Микрофлора (микро... және флора) – белгілі бір ортада кездесетін микроорганизмдер жиынтығы. 
Ауыз қуысының көптеген микроорганизмдердің негізгі кіретін жолы тамақ қалдықтары. 
Ауыз қуысының келесі факторлары - тұрақты температура, ылғалдық, тамақ қалдықтары – микробтардың дамуына ықпал жасайды. 
Көптеп кездесетің микробтар: стрептококктар, стафилококктар, нейссериялар, вейлонеллалар, фузобактериялар, бактероидтар, лактобацилдер, спириллалар, вибриондар және ашытқылар. 
Ауыз қуысында жиі кездесетін бактерияларға кокктар жатады олар 85-90 % құрайды. Ауыз қуысына тұрақты тіршілік ететін стрептококтар. 
1 мл сілекейде 109 дейін стрептококктар кездеседі. Көп стрептококктар факультативті анаэробтар, бірақ облигатты анаэробтар яғни пептококктарда кездеседі.
Спирохеталар ауыз қуысына бала кезде сүт тістері шыққан кезден бастап пайда болады және сол жерде тұрақтанып қалады.
Ауыз қуысы, оның шырышты қабаты және жақ-бет аймағының лимфатикалық аппараты адам ағзасының қоршаған ортамен қарым-қатынасында негізгі роль атқарады.Микробтар ас қорытуы мен витаминдер синтезіне қатысады және де кариесті түзетін органикалық қышқылдарды өндіреді, олар ағзаның иммундық жүйесіне күшті позитивті модульдеуші әсер етеді және сонымен бірге тіс бляшкасында адьюванттардың жиналуын қамтамасыз етеді. Олар патогенді флораның күшті антогонистері болып табылады.
Ауыз қуысындағы микрофлораларды белгілі бір орындарда орналасуына байланысты бірнеше биотоптарға бөлуге болады. Бірінші биотопқа сілекейді жатқызамыз. Оның құрамына көптеген бактериялар жатады.
Оған грамтеріс анаэробтар және стрептококктар жатады. Тіл астандағы қатпаршаларда және сілекейлі криптерде облигатты анаэробтар, ал сілекейлі қабатта және жұмсақ аспанда стрептококктар мен коринобактериялар кездеседі.
Екінші биотопқа  қызыл иек қуысы және сол жерде болатын сілекей сұйықтығы жатады. Оған : бактероидтар, порфиромонадалар, превотелла интермедия, актинобациллюс, актиномицетемкомитанс,  дрожды саңырауқұлақтар, микоплазмалар және де  нейссериялар жатады.
Үшінші биотопқа тіл бляшкасы жатады. Бұл бактериялардың кп шоғырланған жері. Ол жерде кездесетін микроорганизмдер саны 100 ден  300 млн ға дейін 1 мг.
Ауыз сұйықтығына ауыз қуысының шырышында, қызылиекте, қалтада, қатпарлар мен тіс дағында көбейетін микробтар үнемі түсіп отырады. Ауыз сұйықтығында көп уақытқа дейін тіршілік қабілетін сақтайды, ал көптеген түрлері (эмальға адгезиялық факторлары жоқ) белсенді түрде көбейеді. Бұлар вибриондар, факультативті-анаэробты стрептококтар, аэрококтар мен микоплазмалар.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (30.03.2016)
Просмотров: 429 | Теги: презентация, Биология, ауыз, Ауыз қуысының микрофлорасы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]