Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Ауыз кілегейлі қабығының вирустық аурулар кезінде жарақаттануы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ауыз кілегейлі қабығының вирустық аурулар кезінде жарақаттануы слайд,презентация

 

вирустық аурулар

 

 

1. Ауыз кілегейлі қабығын жиі жарақаттайтын вирустық аурулар: жедел және созылмалы герпестік инфекция-ауыздың жедел герпестік және қайталама герпестік қабынулары, этиологиясы мен патогенезі, клиникасы, диагнозын нақтылау, емдеу;
2. Белдеме теміреткі, этиологиясы мен паогенезі, клиникасы, диагнозын нақтылау және емі;
3.Аусыл, этиологиясы мен патогенезі, клиникасы, диагнозын нақтылау, сараптамалы диагностикасы, емі;
4.Вирустық сүйелдер, этиологиясы мен патогенезі, клиникасы диагнозын нақтылау, сараптамалы диагностикасы, емі
5.Адамның жүре дамыған иммунитет тапшылығы синдромы (АЖДИТ) немесе СПИД (синдром приобреттеного иммунодефицита человека) этиологиясы мен патогенезі, ауыз ішіндегі клиникалық белгілері. Аурудың диагнозын нақтылаудағы дәрігер-стоматологтың рөлі. Инфекцияның таралуына жол бермеу жолдары
Ауыз кілегей қабығы ауруларының ішінде вирустық аурулар ерекше орын алады. Ересек адамның ауызында вирустардың біраз түрлері орын тепкен. Көбіне олар организмде жасырын түрде кездеседі, ал организмнің қарсыластығы төмендеген кезде көбейіп, ауру туындатады. Дені сау адамдардың ауызында қарапайым ұшық вирусы (вирус простого герпеса), цитомегаловирус, аденовирустар, энтеровирустар, реовирустар және басқалары (белгісіз вирустасушылық – бессимптомное вирусоносительство) кездеседі.
Қарапайым (әдетті) герпес синонимы көпіршікті теміреткі (простой герпес- пузырковый лишай – herpes simplex) немесе кәдімгі ұшық – герпес  вирусы туындататын жұқпалы ауру. Антигендік қасиетіне байланысты бұл вирусты негізгі екі типке (1 және 2) бөледі. Бірінші типтегі вирустар ауыздың кілегей қабығын, теріні, ал екінші типтегі вирустар жыныс ағзаларының кілегей қабығын жарақаттайды. Қарапайым ұшық вирусы ДНК-дан тұрады және тікенекті қабат клеткаларының ядросында жасырын өмір сүреді, ыңғайлы жағдайда көбеюге ұшырап, қайталамалы ауру туындатады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғаруынша (1985) жер беті тұрғындарының 90%-на аталмыш вирус жұққан, ал 20-30% жағдайда ауру белгілері білінеді.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (29.03.2016)
Просмотров: 351 | Теги: презентация, ауыз, Биология, слайд, Ауыз кілегейлі қабығының вирустық а | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]