Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек өлеңі (Абай Құнанбаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ӘУЕЛДЕ БІР СУЫҚ МҰЗ — АҚЫЛ ЗЕРЕК

Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек, 
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. 
Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, 
Бұл - қайраттан шығады, білсең керек. 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың едден бөлек. 
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек. 

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, 
Тулап, кайнап бір жүрек қылады әлек. 
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (09.11.2016)
Просмотров: 76 | Теги: абай, өлеңдер, Әуелде бір суық мұз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]