Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Асқорыту жүйесі патологиясы бар науқасты жалпы қарау слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Асқорыту жүйесі патологиясы бар науқасты жалпы қарау слайд,презентация

 

 

Қоректік заттардың сіңірілуінің бұзылуы ұзаққа созылғанда адам азып кетеді. Ақуыз жетіспеушілігінде организмде тұз бен судың көп мөлшерде болуына байланысты ісіну болуы мүмкін. Қарап тексергенде байқалатын нәрсе, темірдің сіңірілуі жеткіліксіз болғандықтан және қанның азаюына байланысты науқастың терісі құрғақ болып бозарып тұрады, ауыздың ішкі кілегей қабықтары да бозарады. Витаминдер жетіспеушілігінен ерні жарылуы мүмкін.
Ішек ауруларында тіл көбінесе бүлдірген түстес қызыл болады (кардиалді тіл), тіл бүртіктері тегістеледі. Қызыл иек жұмсарып ісінеді және ол қанағыш келеді.
пішінін;
симметриялық қасиетін;
тыныс алуға қатынасуын;
терідегі өзгерістерді;
грыжалық тесіктерді.
Іштің пальпациясы екіге бөлінеді :
беткейлік;
терең.
Беткейлік пальпация арқылы анықтаймыз:
ауру сезімін;
тері асты липомаларды;
ағзалардың ұлғаюын;
құрсақ қуысының бұлшық етінің шамасыздығын;
Терең пальпация әдісі 4 кезеңнен тұрады: I кезеңі - дәрігердің қолын орналастыруы. Дәрігер оң қолын зерттелетін мүшеге немесе ішектің бөліміне перпендикуляр етіп қояды. II кезеңі - теріні ысырып, сырғу бағытына қарама қарсы теріден қатпар жасайды, себебі қолдың қозғалысы тек теріні ығыстыруымен шектелмеуі керек. III кезеңі - қолды ішке терең енгізу. Әрбір дем шығару кезінде қолды тереңге   енгізе түседі, солай біртіндеп іштің артқы іргесіне немесе пальпацияланатын мүшенің бетіне кіргізеді. ІV кезеңі -зерттелетін мүшенің бетінде осы мүшенің көлденең өсі бағытында саусақпен сырғу. Бұл кезде пальпация жасалатын мүшені артқы іргесіне басып тұрып сырғуды жалғастырады, пальпацияланатын мүшенің қырынан немесе шетінен сырғиды.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (24.03.2016)
Просмотров: 261 | Теги: презентация, Асқорыту жүйесі патологиясы бар нау, асқорыту, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]