Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Асқазан және он екі елі ішек ойық жара ауруы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Асқазан және он екі елі ішек ойық жара ауруы слайд,презентация

 

Асқазан

 

Патогенезі: онекі елі ішектің ойық жара ауруына әкелетін факторлар: 
1 асқазан гиперсекрециясы.
2 асқазан онекі елі ішек дисмоторикасы яғни, химустың жылдам эвакуациялануы.
3 онекі елі ішектің шырышты қабатының қарсы тұру қабілетінің төмендеуі.
4 психосоматикалық факторлар.
5 тұқым қуалаушылық.
6 жастық нейрогендік өзгерістер.
7 физикалық және химиялық факторлар.
8 өмір салты. 
Этиологиясы: 
Жара ауруының этиологиясында негізгі рөлді H. Pilory алады. Асқазан жарасында 70 пайыз онекі елі ішек жарасында 90 пайыз кездеседі. Олар асқазанның анталды бөлігінде орналасып созылмалы қабыну туғызады. Онекі елі ішек ауруында асқазан эпителиінде ошақтар табылыды. Олар клетка метаплазиясынан яғни, асқазан сөлінің көп бөлуінен пайда болады. Бұл жерде микроорганизмдер көбейіп шырышты қабықтың қабынуын туғызады. Н.р қышқыл ортада тіршілік ету ерекшелігі уреаза ферментінбөлуіне байланысты. Ол мочевинаны ыдырата алады. Айналасында көмір қышқылы мен аммиактан тұратын зат түзеді. Ол асқазан қышықылының нейтрализдейді.  
 Клиникасы.
12- елі ішектің жара ауруы негізінен жастық және орта жаста пайда болады. Ауру көбінесе ер адамдарда кездеседі. 12- елі ішектің жара ауруында негізгі симптом эпигастрий тұсындағы ауырсыну. Бұндағы ауырсыну симптомы жыл мезгіліне және күн мерзіміне байланысты. Әсіресе тамақ қабылдағаннан кейін 1,5-3 сағаттан соң пайда болады. Басты белгілерінің бірі түнгі аштық ауырсыну.
 Қыжылдау ол да басты симптомдардың бірі.  Күйдіру сезіміне алмасуы мүмкін. 
Құсу ауырсынудың шыңында пайда болады, науқасқа жеңілдік  әкеледі. Құсық массасы қышқыл дәмді болады. Асқазан гиперсекрециясында құсық тағам қалдықтарынсыз болады, ал тағам қалдықтары болса асқазанның эвакуаторлық қабілетінің төмендегенін көрсетеді. Науқастардың тағам қабылдауы қалыпты, кейде жоғарлауы мүмкін. Арықтау сирек болады. Ол асқынуларда көрініс береді. Тілі ақ жабындымен жабылған.  Пальпацияда іштің ауырсынуы және іш бұлшықеттерінің қатаюы. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (23.03.2016)
Просмотров: 962 | Теги: презентация, Асқазан және он екі елі ішек ойық ж, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]