Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Аса қорғалатын аумақтар слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Аса қорғалатын аумақтар слайд,презентация

 

Аса қорғалатын аумақтар

 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетінжер, су, орман және жер қойнауы учаскелері.
Мемлекеттік табиғи-қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған зат-болмыс ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған объектілерінің жиынтығы.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парк – ерекше экологиялық ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы мемлекеттік табиғи – қорық қорының бірегей табиғи кешені мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық саналуандылығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық – ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік зоологиялық парктер – мәдени – ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметіне, тектік қорды сақтауға және әдеттегі, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін жасанды орта жағдайында өсіруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ
Мемлекеттік ботаникалық бақ - өсімдіктер дүниесін, соның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау, молықтыру және пайдалану жөнінде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (23.03.2016)
Просмотров: 498 | Теги: презентация, география, Аса қорғалатын аумақтар, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]