Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Асқорыту жүйесінің ағзаларының аурулары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Асқорыту жүйесінің ағзаларының аурулары слайд,презентация

 

Асқорыту жүйесінің ағзалары

 

Іштегі ауырсыну сезімі- асқорыту жүйесінің ауруларының жиі кездесетін симптомдарына жатады. Асқорыту мүшелерінің моторлық қызметінің бұзылуынан пайда болады. Асқазанның 
немесе он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде оның нерв ұштары тітіркеніп,перитонеальді ауырсыну сезімі пайда болады. Көбінесе науқастар ауру сезімін ауыр өткізеді. Іште ауру сезімі болғанда, бірден дәрігерге хабарлау керек. Асқорыту ауруларында диспепсиялық бұзылыстар кездеседі, оларға жүректің айнуы, құсу, кекіру, тәбеттің бұзылуы, ауызда жағымсыз иістің пайда болуы, іш қату, іш өту жатады.   
Ауыз қуысын көрудің үлкен диагностикалық маңызы бар. Ерін мен бетті ішкі жағынан көру үшін оларды саусақтармен, шпательмен немесе арнайы ілмектермен тартады. Тілді көру үшін сырқаттың аузын ашып, тілін шығаруды ұсыну керек.
Құсу, (vomіtus, emesіs) [1] — асқазан ішіндегі заттардың ауыз арқылы еріксіз кері шығарылуын туғызатын күрделі рефлекторлық қозғалыс. Терең дем алғанда көк ет босаңсып, көмекей қақпақшасы төмен түсіп, жұмсақ таңдайдың көтерілуінен құсық тыныс жолдарына түспейді. Мидың Құсу орталығында орналасқан хеморецептив аймағының тітіркенуінен құрсақ, кеуде бұлшық еттері жиырылады да асқазан қысқарып, оның өңешпен жалғасқан бөлігі кеңінен ашылып, құсықтың сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Құсу ми қабығының қабынуынан (менингит, энцефалит), психикалық жағдайлар (истерия), организмде зат алмасу процесінің бұзылуы (уремия), қант диабетінің асқынуы (ацетонемия), иіс тию, улану, т.б., сондай-ақ, жүктілік кезінде де болады. Құсу арқылы организм зиянды заттардан тазарады. Егер Құсу тоқтамай, қайталана берсе, организмдегі судың азаюына (дегидратация, гиповолемия), натрий, хлор, калий тұздарының концентрациясының азаюына (гипонатриемия, т.б.), яғни зат алмасу процесінің бұзылуына әкеледі. Бұл жағдай жүрек-қантамыр, бүйрек, бауыр ауруларына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, асқазан-өңештен көп қан кеткенде де құсудың асқынуы байқалады. Құсу жас балалар мен қарт адамдар үшін өте қауіпті. Себебі оларда аспирация (тыныс жолдарының құсықпен бітелуі) жиі кездеседі. Емі: уланғанда асқазанды жуу, дезинтоксикалық әрекеттер (тамырға әр түрлі сұйық дәрілер құю) жасау. Құсуды тоқтататын дәрілер (аминазин, этоперазин, мотилиум, димедрол, тавегил, супрастин, т.б.) пайдаланылады. Асқынған жағдайда хирургиялық операция жасалады.
   Асқазандағы заттардың өңеш, жұтқыншақ, ауыз арқылы еріксіз сыртқа шығуы. 
Құсу кезіндегі сырқаттың күтімі:  
1Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу.
2 Аяғының арасына леген немесе шелек қою.
3 Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды қойып басын ұстау.
4 Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту.
5 Дәрігер келгенше құсықты шелек ішінде қалдыру.
Құсқаннан кейін сырқат аузын жылы сумен шайғызып, оның ерні мен езулерін сүрту керек. Ауыз қуысын суға немесе калий перманганатының сұйық ерітіндісіне малынған мақтамен сүрту керек. 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (25.03.2016)
Просмотров: 450 | Теги: презентация, Асқорыту жүйесінің ағзаларының ауру, асқорыту, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]