Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология

Ас қорыту мүшелері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Ас қорыту мүшелері слайд,презентация

 

Ас қорыту мүшелері

 

Ауыз қуысы (ротовая полость) — cavum oris — жұтқыншақпен жалғасып, бас бөлімді құрайды. Оның кіреберіс тесігі — ауыз саңылауы (rima oris), ал ауыздан жұтқыншаққа шығаберіс тесігі — ecils (isthmus faucium) деп аталады. Ол тіл түбірі мен жұмсақ таңдай арасында болады. Ауыз қуысы екі бөлімнен: ауыздың кіреберіс бөлімінен (vestibulum oris) және өзіндік ауыз қуысынан (cavum oris proprium) тұрады. Ауыздың кіреберіс бөлімінің сыртқы қабырғасын еріндер мен ұрт, ішкі қабырғасын қызыл иек пен тістер қүрайды. Ал өзіндік ауыз қуысы қызыл иек пен тістен жүтқыншаққа дейінгі кеңістік. Ауыз қуысы мүшелерінің ішкі бетін тері типтес кілегейлі қабық қаптап жатады. Ол екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан (борпылдақ дәнекер ұлпасы) тұрады. Ауыз қуысының мүшелері: жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты және жүмсақ тандай, тіл, сілекей бездері.Ерін (губы) — labia — ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүіпе. Ол үш кабықтан:ішкі кілегейлі, ортаңғы етті (ауыздың дөңгелек бұлшық еті) қабықтардан және сыртқы теріден тұрады. Кілегейлі қабық екі кабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан тұрады. Жоғарғы және төменгі ерін (labium superiuset inferius) кілегейлі қабықтарында еріннің майда қабырғалық сілекей бездері (glandulae labiales) орналасады. Олардың өзектері ауыз куысына ашылады. Жоғарғы және төменгі еріннің ауыздың екі бүйіріндегі түйіскен бүрышын езу (angulus oris) — деп атайды. Ерін терісінде жекеленген сезім түктері (pili tactilis) орналасады.Ұрт (щеки) — bucca — құрылысы ерінге ұқсас терілі-етті мүше. Ол сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Ұрттың негізін ұрт бұлшық еті түзеді. Ұрт ауыз қуысының екі бүйір қабырғаларын құрайды. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының ұзындығына байланысты. Ауыз саңылауы ұзын болған сайын, ұрттың ұзындығы қысқа болады. Мысалы, иттің езуі ұзын да, ұрты қысқа. Бұған, керісінше, шөппен қоректенетін жануарлардың ұрты ұзын, ал ауыз саңылауы қысқа келеді. Ұрттың ішкі кілегейлі қабығы бетінде, жоғарғы азу тістердің тұсында шықшыт (құлақтүбі) сілекей безі өзегінің бүртігі (papilla parotidea) ашылады. Ұрттың кілегейлі қабығында ұрт сілекей бездері (glandulae buccales) орналасады. Әсіресе, олар шөппен қоректенетін жануарларда жақсы дамыған.Ұрт бездері дорсальды және вентральды болып екі топқа бөлінеді. Олар жоғарғы және төменгі тіс доғалары деңгейлерінде, езу мен үлкен шайнау бұлшық еті аралығында орын тебеді.
Қызыл иек (десны)— gingiva — жақ сүйектердің тіс жиектерін қаптап, тістерді тіс ұяларына бекітіп тұратын ауыз қуысы кілегейлі қабығының қатпары.Tiс (зубы) — dens, көпше түрі — dentes, грек. odontos — ауыз қуысының қатты туынды мүшесі. Ол қызметіне байланысты: күрек тістер (dentes incisivi - I), сойдақтістер (dentes eanini - C), алдыңғы азу тістер (премолярлар - dentes premolares - Р) және нағыз азу тістер (молярлар — dentes molares - М) болып бөлінеді. Жануарлардың жасына қарай: сүт тістерге (dentes deeidui - Dd) және түрақты тістерге (dentes permanentes - Dp) бөлінеді. Құрылысына байланысты: қысқа сауытты және ұзын сауытты тістер болып бөлінеді. Тістер бассүйектің жоғарғы жақ, түмсық және төменгі жақ еүйектерінің тіс ұяларында орналасып, жоғарғы және төменгі тіс доғаларын (аркадаларын) құрайды.
Қысқасауытты тістер (brachiodontes) бір-бірінен анық ажырайтын үш бөліктен: тіс сауытынан (тістің ауыз қуысындағы бөлігі) — corona dentis, тіс түбірінен (тістің жақ және тұмсық сүйектер ұяларындағы бөлігі) — radix dentis және тіс мойнынан (тіс сауыты мен тіс түбірі шекарасындағы қызыл иек қаптап түрған жіңішкелеу бөлігі) — collum dentis — тұрады. Tic сауыты үш қабаттан қүралған. Оның сыртқы қабаты ақ түсті тіс кіреукесі (эмаль) ауыз қуысы кілегейлі қабығы эпителий қабатының туындысы, яғни ол даму барысында эпителийден жетіледі. Кіреукенің астындағы дентин тістің негізін құрайтын құрылысы ерекше сүйек ұлпасынан тұрады. Дентиннің ішкі жағында қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай жұмсақ дәнекер ұлпасы пульпаға толған тіс қуысы болады. Tiс түбірі де үш қабаттан құралған. Ол сыртынан сары түсті цементпен қапталған. Қалған төменгі екі қабаты тіс сауытына үқсас, яғни дентиннен және тіс қуысындағы пульпадан тұрады. Қысқа сауытты тістің тіс сауыты шайнаған сайын, үйкеліп қажалып, қартайған жануарларда толығымен желініп көрінбей кетеді. Қажалған тіс тіс түбірі жағынан өсіп шықпайды.
Ұзынсауытгы тіс (hypselodontes) тек тіс сауытынан тұрады. Оның мойны мен түбірі болмайды. Бірақ, тіс сауытының кішкене бөлігі ғана ауыз қуысында көрініп түрады. Ал қалған белігі тіс ұясында орналасып, тіс түбірінің қызметін атқарады. Tiс үйкеліп қажалған сайын, тіс тіс ұясынан ауыз куысына қарай өсіп шыға береді. Жасы үлғайып сақайып қартайған жануарлардың тіс сауыты қысқа болып,аздап тіс түбірі пайда бола бастайды. Ұзын сауытты тіс сыртынан ішіне қарай төрт кабаттан: цементтен, кіреукеден, дентиннен және пульпаға толған тіс қуысынан тұрады. Даму барысында цемент, дентин және пульпа мезенхимадан жетіледі, яғни олар кілегейлі қабықтың өзіндік тақташасының туындылары болып саналады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Биология | Добавил: Admin (21.03.2016)
Просмотров: 354 | Теги: Ас қорыту, презентация, Ас қорыту мүшелері, Биология, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]